«Ұлттық рухты асқақтатты»: Талдықорғанда 5000 адам жаңа рекорд орнатты
Фото: Алакөл медиа
Талдықорғанда 5000 адам бір мезетте күй тартып, ұлттық рекорд орнатты, деп хабарлайды Orda.kz.
2025 жылдың 1 шілдесінде Ұлттық домбыра күніне орай Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда ауқымды музыкалық шара өтіп, жаңа рекорд тіркелді.
Ақын әрі жыршы Бақтыбай Жолбарысұлының 190 жылдығына арналған мәдени шара аясында 5000 домбырашы бір мезетте екі күйді қатар орындады. Бақтыбайдың «Бақтыбайдың әуені» және Әбдімомын Желдібайдың «Ерке сылқым» туындысын әуелеткен күйшілердің бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарап кетті.
Ауқымды күй шеруі Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шара — қазақтың ұлттық мұрасы мен рухани құндылықтарын дәріптеуге, жастарды өнерге баулуға бағытталған.
Талдықорғанда өтіп жатқан мұндай игілікті іс шаралар аз емес. Дегенмен, мына деректі де еске сала кетейік. Жақында зорлық үшін сотталған Талдықорғандағы полиция басшысының әйелі күдікке ілінді.
Жаңалықтар
- Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?
- Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды