Еліміздегі 111 мың «ақылды» ЖИ камералары жүргізушілерді қалай қадағалайды?
Фото: gov.kz
Қазақстанда жаңа камералар іске қосылғалы бері жүргізушілер телефондарын кепкасының астына тығып сөйлесіп, басқа да заттармен бүркемелеп, жасырып әлек. Сарапшылардың пікірінше, мәселе тек бақылауда емес, сонымен қатар ескірген нормада, соның салдарынан заң бұзбаған адамдар да айыппұл арқалауы мүмкін. Осындай даулармен айналысатын заңгер Orda.kz оқырмандары үшін жағдайдың мәнін түсіндіріп берді.
2026 жылғы 12 наурыздан бастап камералар рөлде отырып телефонмен сөйлескен немесе қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді тіркей бастады. Бұл жаңа тыйым емес, құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркеудің кеңейтіліп жатқанын білдіреді.
Енді камералар көбірек жағдайларды анықтап қана қоймай, құқықбұзушылықты автоматты түрде рәсімдейді. Сонымен қатар жүйе көліктерді дерекқорлар арқылы тексереді, мысалы, сақтандыру мен техникалық байқаудың бар-жоғын базадан қарайды.
Осы ретте әлеуметтік желілерде жүргізушілердің камераларды алдауға тырысқан видеолары кеңінен тарап мемке айналып жатқаны да жұртқа қызық болды. Жұрт арасында телефондарын кепкамен және басқа да қолда бар заттармен жауып түсірген әзіл-шыны аралас бейнежазбалар кеңінен талқыланып та жатыр.
Академиялық заңгер Сәйкен Айсиннің айтуынша, мәселе тек камераларда емес, заң нормасының өзінде болып тұр. Оның сөзінше, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 591-бабы ескірген және әртүрлі түсіндіруге жол береді. Себебі жүргізушілер оны басқаша қабылдаса, ІІМ басқаша түсінеді, ал камера деген — техника, ол тек баптауларға сүйенеді.
«Егер 18 жыл бұрын телефондар негізінен тек сөйлесу мен SMS жіберу үшін қолданылса, бүгінде смартфондар көптеген маңызды функциялар атқарады, оның ішінде навигация, такси жүргізушілері мен курьерлер үшін тапсырыс қабылдау құралы ретінде де қолданылып келеді. Кей жағдайларда смартфонды жолдағы көріну нашарлаған кезде де пайдалануға болады», – дейді заңгер.
Заңгердің айтуынша, рөлде телефон ұстау кейде құқықбұзушылықтарды тіркеуге де көмектеседі. Мысалы жүргізушілер арасындағы жанжалдарды, қалай болса, солай көлік жүргізу немесе такси жолаушыларымен болған дауларды жазып алуға да мүмкіндік береді.
«Мысал ретінде елордалық блогер Әлібек Ермағамбетовтің жағдайын алуға болады, ол рөлде отырып жолдағы заң бұзушылықтарды көрсеткен эмоциялық видео түсірген. Басқа жүргізушілердің заңсыз әрекетін тіркеп, полицияның назарын аударғысы келген адам ақыр соңында өзі әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деді сарапшы.
Оның айтуынша, мұндай жағдайлардан кейін жүргізушілер құқықбұзушылықтарды тіркеуге араласқысы келмей қалады, өйткені бұл үшін оған 21 625-тен 43 250 теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.
Бұдан бөлек, Айсиннің пікірінше, қолында телефонға ұқсас зат ұстаған жүргізушілер де айыппұлға ілігуі мүмкін. Оның ойынша, заңның бұлдыр тұстары заңды таңдамалы түрде қолдануға әкеліп, жаппай айыппұл салу қаупін арттырады.
«Үшіншіден, ӘҚБтК-нің 591-бабы нақты тұжырымдалмаған және екіұшты түсіндіруге мүмкіндік береді. Норманың бұлыңғырлығы заңды әркім өз бетінше қолдануға жағдай жасап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындатуы мүмкін. Орыс тілінің түсіндірме сөздігіне сәйкес «пайдалану» сөзінің бір мағынасы — белгілі бір қажеттілік үшін қолдану. Мысалы, су айдынына кетіп бара жатқан балықшының қолындағы қармақты айтуға болады, ол оны ұстап тұр, бірақ сол сәтте мақсатты түрде қолданып тұрған жоқ», – деп түсіндірді сарапшы.
Қысқаша айтқанда, жүргізушіні көлік басқару кезінде қолында телефон немесе рация ұстағаны үшін жазалау әрдайым орынды бола бермейді. Өйткені ол оны нақты қолданып отырмауы да мүмкін. Сонымен қатар тәжірибе көрсеткендей, жүргізушінің қолындағы кейбір заттарды камера немесе полиция қызметкері қателесіп телефон немесе рация деп қабылдаған жайттар да аз емес.
Заңгердің пікірімен келіспеске амал жоқ. Себебі, егер мұны полиция қызметкеріне түсіндіруге болатын болса, бағанға орнатылған камераға қалай түсіндірмекпіз?
Айта кетейік, бұған дейін республикада жол қауіпсіздігіне арналған TOR (қазақ тіліне аударғанда — «тор») бірыңғай цифрлық платформасы іске қосылған болатын, ол нақты уақыт режимінде жолдардағы жағдай туралы мәліметтерді жинап, көрсетеді. Платформа қалалық және трассалық бақылау кешендерінен, патрульдік полицияның мобильді жүйелерінен, дрондардан және басқа да қосылған көздерден ақпаратты біріктіреді.
Қазақстанда ЖИ қосылған, яғни жол-қозғалыс ережелерін бақылайтын 111 мыңнан астам «ақылды» камерадан тұратын ауқымды желіс жұмыс істейді. Тек Алматының өзінде ғана 186 мыңнан астам бейнебақылау камералары орнатылған, олардың 66 мыңы Жедел басқару орталығына қосылған. Ал «Сергек» жүйесінде жылдамдықты, белдіктерді және телефонды тіркейтін мыңдаған аспап тағы бар.
Сондай-ақ, құқық қорғау органдары кейбір БАҚ-та жарияланған камералар жаяу жүргіншілерге автоматты түрде айыппұл салады деген хабарды жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, жүйелер көлік құралдарымен байланысты бұзушылықтарды тіркеуге арналған.
Полиция мәлімдемесінің, әрине, мағынасы бар, өйткені ешқандай жаңа айыппұл енгізілмейді - билік жазылған ережелердің сақталуына бақылауды күшейтеді. Алайда, бақылауды күшейту кезінде көбірек бұзушылықтар тіркеліп, сәйкесінше, көбірек айыппұлдар төленетіні де белгілі.
Оқи отырыңыз:
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- 35 жастағы Ақтөбе тұрғыны 119 рет жол ережесін бұзды
- Алматылық жүргізушіге 4,5 миллион теңге айыппұл салынды
- Жазғы дөңгелектерін ауыстырмаған жүргізушілерге айыппұл салынады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық