Ұлттық банк төрағасы Қазақстандағы инфляцияның үдеу қаупі туралы айтты
Фото: gov.kz
Ұлттық банк төрағасы Tимур Сүлейменов 2026 жылғы 6 наурызда өткен брифингте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» арқылы экономикаға құйылатын қаражат елдегі инфляцияны күшейтуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Журналистердің айтуынша, қазір «Бәйтерек» холдингі арқылы экономиканы қолдауға шамамен 7 триллион теңгеге дейін қаржы бағыттау жоспарланып отырған бағдарлама талқылануда. Сарапшылар мұндай ауқымды қаржы құю инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін екенін айтып отыр. Осыған байланысты жарналистер Ұлттық банктің ұстанымын сұрады.
Тимур Сүлейменовтің сөзінше, үкіметпен жүргізілген кеңес нәтижесінде бағдарлама көлемі 8 триллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Оның ішінде монетарлық және монетарлық емес қолдау түрлері қарастырылған, сондықтан бұл мәселе Ұлттық банктің жіті бақылауында.
«Қазірдің өзінде инфляция жоғары болып отырған жағдайда, бір мезетте ірі көлемдегі қаржыны экономикаға құю және сұранысты ынталандыру инфляцияны үдететін факторға айналуы мүмкін. Сондықтан инвестициялық белсенділікті және отандық ұсынысты қолдау бағытын жалпы қолдай отырып, бұл қаражатты нақты басым бағыттарға жіберу қажет», — деді ол.
Журналистер сондай-ақ ұлттық холдингтердің жеңілдетілген несие беруіндегі үлесін шектеу жоспарланып отыр ма және экономиканы қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер қалай тартылатынын сұрады.
Ұлттық банк басшысы мемлекет басшысы экономиканы несиелеу жүйесін қайта форматтау мәселесін нақты көтергенін атап өтті. Қазір банктердің экономикаға беретін несиесі азайып, керісінше квазимемлекеттік сектордың үлесі өсіп келеді.
«Бұл жағдай тұрақты жүйеге айналмауы тиіс. Белгілі бір кезеңде оны түсіндіруге болады, бірақ бізде нарықтық экономика және нарықтық қаржы секторы бар. Сондықтан экономиканы қаржыландырудың негізгі міндетін банктер атқаруы керек. Банктер дәл осы үшін құрылған», — деді Сүлейменов.
Оның айтуынша, банктер халықтан депозит тартып, сол қаражат есебінен несие береді. Осылайша экономикада қаржының қайта бөлініп, көбейіп отырады.
Егер мемлекеттік холдингтер тарапынан қаржыландыру көлемі арта берсе, банктер нарықтан шеттеп қалуы мүмкін. Себебі олар квазимемлекеттік сектор ұсынатын арзан несиелермен бәсекеге түсе алмайды. Банктер халықтан депозиттерді жылдық шамамен 17 пайыз немесе одан жоғары мөлшерлемемен тартса, квазимемлекеттік сектордың қаржыландыру базасы әлдеқайда арзан. Сондықтан бұл жерде бәсеке емес, өзара тиімді үйлесім болуы тиіс.
Сүлейменовтің пікірінше, «Бәйтерек» холдингі мен Қазақстанның Даму Банкі қаражатын ұлттық маңызы бар ірі жобаларға бағыттауға болады. Мұндай жобалар бойынша несие мөлшерлемесі шамамен 12–13 пайыз деңгейінде болуы тиіс.
Ал қалған жобаларды қаржыландыру толығымен нарықтық қағидаттар бойынша жүзеге асырылуы қажет.
«Республикалық бюджет қаражатын мұндай жобаларға бағыттаудың қажеті жоқ. Өйткені квазимемлекеттік сектор дәл сол бюджеттен қаржыландырылады. Бұл жерде банктер өз міндетін атқаруы тиіс. Бюджеттік ресурстар шектеулі, сондықтан оларды ұтымды пайдалануымыз керек. Банктік жүйені тек тұтынушылық несие беруге немесе жоғары өтімді активтерге инвестиция салуға ығыстырып жібермеу маңызды», — деп түйіндеді спикер.
Былтыр Қазақстан Ұлттық банкі төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын қаржының өсуі туралы пікір білдірген кезінде Үкімет 2025 жылы Ұлттық қордан 5 трлн теңгеден астам қаржы алатынын айтты.
Сүлейменов, бұл трансферттердің Ұлттық қордың активтерін 100 млрд доллар деңгейіне жеткізу мақсатын қиындататынын атап, үкіметтің белгіленген артық қаржы сұрамайтынын айтқан болатын.
Оқи отырыңыз:
- Теңге бағамына қысым бар – Ұлттық банк төрағасы түсініктеме берді
- Қазақстан суперпрезиденттік басқару үлгісінен түбегейлі бас тартады – Тоқаев
- Елімізде шағын несие беру шарттары қатайтылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық