Ұлдана Мырзуанның өлімі: Сотта жедел жәрдем мен ТЖД әрекеті талқыланды
Фото: Жоғарғы сот
Астананың ауданаралық қылмыстық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасты. Сотта оқиға болған күні медициналық көмек көрсеткен бригаданың аға фельдшері, мен Астана Төтенше жағдайлар департаменті кезекші бөлімінің бастығы жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Прокурор бұған дейінгі сот отырысында аға фельдшер Ақтымақ Сыздықованы куәгер ретінде шақырып, жауап алуды сұрады. Сыздықованың айтуынша, оның медициналық бригадасы оқиға орнына келгенде, дүкеннің ішіне кіріп, зардап шеккен әйелге көмек көрсеткен.
«Сол сәтте фельдшер Дильназ Байзақованың Ұлдана деп айқайлағанын естідім. Бірден оның жанына жүгіріп бардым. Ұлдананың етпетінен жатқанын көрдім, үсті-басы кірпіштің шаңына толған. Дильназ оны көтеріп жатты, мен көмектесе бастадым. Басынан қан ағып жатты. Қанды тоқтату үшін бинт бастым. Оны шалқасынан аударған кезде мен Ұлдананы қолтығынан ұстап, Дильназ аяғынан ұстады. Сол кезде біздің жүргізушілеріміз зембілмен бірден қасымызға келді», – деді Сыздықова.
Қорғау тарабы әйелден оқиға орнындағы көріну мүмкіндігі қандай болғанын және кондиционердің құлағанын көретіндей мүмкіндік болды ма деп сұрады. Куәгердің айтуынша, кірпіштер әлі де құлап жатты, айнала шаң болды, бірақ жалпы жағдай көрініп тұрған.
Осыдан кейін сотталушының адвокаты Сыздықова мен оның бригадасы оқиға орнына кірмеу туралы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамадан өткен-өтпегенін нақтылады.
«Иә, біздің нұсқаулық бойынша төтенше жағдай орнына кіруге болмайды. Бірақ онда зардап шеккендер болды, сондықтан біз оларға көмектесуге ұмтылдық. ТЖД қызметкерлері әлі келген жоқ, ал айналадағы адамдар зардап шеккендерге көмектесуді сұрап, айқайлап жатты», – деді куәгер.
Сонымен қатар, сотта Астана ТЖД кезекші бөлімінің бастығы Ризабек Даиров та жауап берді. Куәгердің айтуынша, өзі оқиға орнына бармаған.
«Оқиға туралы хабарды жедел жәрдем қызметкерлері айтты. Егер біздің бригада ертерек келгенде, біз төтенше жағдай орнын қоршап, азаматтар мен медицина қызметкерлерін кіргізбес едік. Қауіпсіздік расталғаннан кейін ғана кіргізер едік. Қызметкерлеріміз оқиға орнына келгеннен кейін аумақты тексерді. Олар үйінді астынан екі адамды тауып, оларға көмек көрсете бастады», – деді Даиров.
Ризабек Даиров оқиғадан кейін нысанда қаптаманы бөлшектеу жұмыстары жүргізілгенін айтты. Алайда опырылып түскен жердегі сол өткелдің жабылған-жабылмағанын кезекші бөлімінің бастығы нақты айта алмады.
Сондай-ақ, сот отырысында оқиға орнына барған өрт сөндіруші-құтқарушы Аян Кемпіровтан да жауап алынды. Куәгердің айтуынша, ол әріптестерімен бірге төтенше жағдай орнына төрт минутта жеткен.
«Оқиға орнына келгенімізде екі жедел жәрдем көлігі сол жерде тұрғанын көрдік. Мұзтайғақ болды, қар жауып тұрды. Зардап шеккендерді алып шыққан кезде олардың ес-түссіз жатқанын байқадық. Әйел шалқасынан жатты, үстінде бірнеше кірпіш болды. Ер адам қабырғаға сүйеніп, жартылай отырған күйде болды», – деді Кемпіров.
Жауап беру кезінде ол өзінің осы оқиғадан кейін қызметі төмендетілгенін де айтып қалды. Бұған дейін бригада командирі болып жұмыс істеген Кемпіров кейін өрт сөндіруші қызметіне ауыстырылған.
Оқи отырыңыз:
«Қызымды бірден тани алмадым»: Фельдшер Ұлдананың анасы сотта көз жасына ерік берді
«Бес айлық күшік еді»: 11 жастағы баланың құлағын шайнап тастаған иттердің иесі сотта жауап берді
Жаңалықтар
- Ұлдана Мырзуанның өлімі: Сотта жедел жәрдем мен ТЖД әрекеті талқыланды
- Астананың 315 мың оқушысы қоғамдық көлікте тегін жүреді: LRT картасын қалай аламыз?
- Қазақстанда алимент төлемеген 279 борышкер құмар ойынға 600 млн теңге салған
- ҚР ІІМ 14 жыл бұрынғы қылмысты ДНҚ сараптамасы арқылы ашты
- Қазақстандық екі TikTok креаторы халықаралық марапатқа ие болды
- БАӘ-де қайтыс болған екі қазақстандық қызға қатысты не белгілі?
- Тоқаев бірқатар басшыны лауазымынан босатты
- Талғарда тағы бір қылмыс: Кісі өлтірді деген 56 жастағы күдікті ұсталды
- Биылғы «Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі шықты
- Президент партияларға Құрылтай депутаттары тізімін бекітуге 28 тамызға дейін уақыт берді
- Бір-біріне сілтеп отыр: Еліміздегі бензин сапасына кім жауапты?
- 232 адам «Болашақ» стипендиясын иеленді
- Кім Құрылтай депутаты атанады? Партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады
- ОСДП Құрылтайдың жаңа құрамына кіретін сегіз депутаттың атын атады
- Исламабадта аурухана өртеніп, 15 жаңа туған шақалақ қаза тапты
- «Бес айлық күшік еді»: 11 жастағы баланың құлағын шайнап тастаған иттердің иесі сотта жауап берді
- Президент: Жасанды интелектке қатысты тапсырма тиісті деңгейде орындалмады
- Тоқаев Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашуды ұсынды
- Мұғалімдердің 95%-ы жұмысына көңілі толады: Тоқаев Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнын айтты
- Тоқаев: Қазақстан оқулықтарында 700-ден астам қате бар