«Қызымды бірден тани алмадым»: Фельдшер Ұлдананың анасы сотта көз жасына ерік берді
Фото: Жоғарғы сот
Астанада өтіп жатқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы сот алдында жауап беріп, көз жасына ерік берді. Сәлима Омарованың айтуынша, қызы соншалықты ауыр хәлде жатқандықтан жансақтау бөлмесінде оны тани да алмапты, деп хабарлайды Orda.kz.
Сотта марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Омарова жауап берді. Омарова сұрақтарға жауап бере бастағанды көз жасын тия алмады. Қайғылы оқиға болған күнді айтып, екеуі таңда видеоқоңырау арқылы сөйлескеннін жеткізді.
«Мен сол күні азық-түлік сатып алуға баруым керек еді, қызыммен таңертең сөйлесіп болған соң дүкенге шықтым. Шамамен 20-30 минуттық жерде орналасқан дүкенге келіп сауда жасадым. Дүкенде тұрғанымда құдағи қоңырау шалып қызымның үстіне қабырға құлап кеткенін айтты. Содан не істерімді білмей қалдым сол жерде», – деді марқұмның анасы.
Анасының айтуынша, Ұлдана әр шақыртудан кейін аман-есен шықтым деп анасына амандығын жеткізіп отырады екен. Сол күні сондай хабар жеткенде қазір ғана сөйлестім ғой деп естіген суық хабарға сенбеген. Омарова Астанаға билет алып сол күні ұшып келген.
«Мен барғанда отадан енді шыққан екен реанимацияда жатқан соң кіргізбеді. Таңда кіруге рұқсат берді, мен қызымды тани алмадым, сол жерде жатқан адамдардың ішінен қызымды іздедім. Сөйтсем қасымда жатыр екен. Оны түрін көріп, тани алмадым, мен оны мұндай нашар хәлде көремін деп ойламадым. Қызыма көп нәрсе айтқым келді, оны сүйіп бар тілегімді айттым», – деді көз жасын тия алмаған Омарова.
Сонымен қатар, сотта Омарова күйеу баласы алған 20 миллион теңгенің небары 4,5 миллионын алғанын, артынша арада біраз уақыт өткен соң құдағи хабарласып қайтарып бермесең сотқа берем деп айтқанын жеткізді.
«Менің ең жаныма батқаны құдағи ол ақшаны жеке өзінің қалтасынан шыққандай сұрады. Ол ақша түптеп келгенде не оған, не маған тиесілі емес. Ол Ұлдананның қарыздары өтелсін деп берілген қаражат», – деді ашынған ана.
Түстен кейінгі сот отырысында осы іс бойынша денсаулығы көп зардап шеккен екінші жәбірленуші жауап берді. Келесі сот отырысы 24 тамызға қалдырылды.
Еске салайық, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан 8 қарашада шақыртуға барған кезде қасбет элементтері мен кондиционердің бекітпесі оның үстіне құлап, зардап шеккен. Ол 10 күн жансақтау бөлімінде жатып, кейін қайтыс болды.
Оқи отырыңыз:
Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: Қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық