Ұлдана Мырзуанның қазасы: Адвокат істі прокурорға қайтаруды сұрады
Фото: Жоғарғы сот
Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында өткен кезекті сот отырысында сотталушы Сәуле Жұбаниязованың адвокаты сөз сөйледі. Қорғаушы құрылыс-техникалық сараптаманың қорытындысына сүйене отырып, қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы өтінішхат түсірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Адвокаттың айтуынша, сарапшы ғимарат құрылысында бірқатар елеулі ақау болғанын анықтаған.
«Сарапшы жобаға сәйкес қарастырылған монолитті арматураланған белдеу болмағанын, арматуралық торлардың жоқтығын немесе тиісті деңгейде орнатылмағанын, қаптама қабатының беріктіг талаптары бұзылғанын, кірпіш қалау жіктерінің сапасыздығын, жіктердің бос қалғанын, қалау қабаттары арасында саңылаулар болғанын, байлау тәртібінің бұзылғанын және тік бағыттан ауытқулар бар екенін анықтады. Сарапшының 2017 жылдың өзінде қабырғалардың түйісетін тұстарында жарықтар мен қаптама қабатының жекелеген жерлерде бұзылғанын тіркегені туралы қорытындысы ерекше маңызды», – деді қорғаушы.
Бұған дейін Астанада өтіп жатқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның анасы сот алдында жауап беріп, қызы соншалықты ауыр хәлде жатқандықтан жансақтау бөлмесінде оны тани да алмағанын айтқан болатын.
Адвокаттың сөзінше, ғимараттағы қауіпті үдеріс сотталушы мүлік иелері бірлестігінің (МИБ) төрағасы болып тағайындалғанға дейін бірнеше жыл бойы қалыптасқан.
Осыған байланысты қорғаушы істі прокурорға қайтаруды сұрап, тиісті өтінішхат берді.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық