Фельдшер Ұлдана Мырзуанның өлімі: Қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірді
Фото: Жоғарғы сот
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Жоғарғы сот отырыстың тікелей эфирде көрсетуде, дегенмен соттың негізгі отырысы бастала салысымен қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты істің негізі отырысы өтуде. Істі судья Меруерт Абаева қарап жатыр, алайда сот бастала салысымен қорғау тарабы судьяға қарсылық білдірі.
Сот процесіне екі мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Әбуов пен Саяжан Серікова, марқұм Ұлдана Мырзуанның анасы Сәлима Омарова және жұбайы Әділет Зейнел қатысып отыр. Ал іс бойынша күдікті деп танылған Сәуле Жұбаниязованың адвокат Асхат Әлиманов сотқа отырысты кейінге қалдыру туралы өтініш берді.
Ол қорғауға енді ғана кіріскенін және дәлелдемелер базасын, тағылған айыпты толық зерделеп, қорғауындағы адаммен ортақ ұстанымды келісуге уақыт жағынан мүмкіндігі болмағанын түсіндірді.
Прокурорлар мен жәбірленуші тарап өкілдері өтінішке қарсылық білдірді. Олардың айтуынша, сотталушының алғашқы отырыстан бастап екінші адвокаты болған, сондықтан оның құқықтары бұзылған жоқ.
Судья Меруерт Абаева Әлимановтың өтінішін қанағаттандырмады. Бұған жауап ретінде дайындалуға уақыт беруден бас тарту айыптау жағына бейімділікті көрсететінін және процестік нормалардың бұзылғанын айтып, судьяға қарсылық білдірді.
Қазір сот отырысында үзіліс жарияланды. Судьяға қарсылық білдіру туралы өтінішті басқа судья қарайды.
Оқи отырыңыз:
Астанада әзілкеш Ғалым Қалиақпаровтың концерті тоқтатылды
Арыстағы әскери бөлім аумағында оқ-дәрі жарылды: Құрғақ шөп тұтанған
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық