Украина астанасында Жамбыл Жабаевтың ескерткішін құлата ма?
Фото: КИЕВ ФОТО
Киевте қазақ ақыны Жамбыл Жабаевтың ескерткішін сүріп тастау бойынша Украинаның ұлттық жады институты жауап берді, деп хабарлайды Orda.kz.
Украина ұлттық жады институтының басшысы Александр Алферовтің айтуынша, Киевте Жамбыл Жабаевтың есімін ұлықтау — коммунистік тоталитарлық режимге немесе Ресей империялық саясатына еш қатысы жоқ. Украиналық институттың жауап беруіне Қазақстандағы «Демос» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тұрарбек Құсайыновтың өтініші себеп болған. Бұған дейін Құсайынов Киевтегі Жамбыл ескерткішін алып тастап, оның аты берілген көшені басқаша атауды ұсынған.
Альферов өз жауабында институт Жамбыл Жабаевтың Ресей империялық саясатын жүзеге асыруға қатысқаны немесе соған ықпал еткені туралы дәлел таппағаннын айтты. Украина заңында «ресейлік империялық саясат» деген ұғым украин халқын бағындыру, қанау, ассимиляциялау сияқты әрекет ретінде түсіндіріледі. УҰЖИ-дің пайымдауынша, Жамбылдың мұндай саясатқа қатысы жоқ.
«Тәуелсіз Украинада Жамбыл Жабаевтың есімін көшеге беру және Киевте ескерткіш орнату коммунистік тоталитарлық режимді немесе Ресей империялық саясатын дәріптеу болып саналмайды. Бұл нысандар империялық немесе коммунистік символикаға жатпайды, керісінше украин және қазақ халықтары арасындағы мәдени байланыстар мен достық дәстүрін көрсетеді», — деп жауап берді Александр Альферов.
Айта кетейік, Киевте Жамбыл Жабаевтың құрметіне ескерткіш орнатылған және оның атымен көше бар. Бұл ескерткіш Нивки саябағында орналасқан. 2008 жылы қала кеңесі бір көшені Жамбыл Жабаевтың атымен атаған, бұл көшеге 2009 жылы естелік тақта қойылған.
Оқи отырыңыздар:
- Қырғызстанда парламент спикері отставкаға кетті
- Дүниежүзілік банк Қазақстанға алты жыл бойы 1 млрд АҚШ долларына дейін қаржы бөлуге дайын
- Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық