Қазақстан Қырғызстаннан жерді 49 жылға не үшін жалға алмақшы?
Фото: Kyrgyzstan_online
Сенат депутаттары Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы жерді 49 жыл мерзімге жалға алу туралы келісім мен шартты ратификациялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Келісімге сәйкес, Қазақстан Ыстықкөл облысында орналасқан курорттық нысандарға меншік құқығын сақтай отырып, оларды жаңғырту міндетін 2029 жылдың соңына дейін орындайды. Атап айтқанда, нысандар 3–4 жұлдызды жыл бойы жұмыс істейтін қонақүй деңгейіне жеткізілуі керек. Айта кетейік, ол аумақта тек бір ғана нысан – Дінмұхамед Қонаевтың №1 саяжайы ғана бұзылмай, мұражайға айналады. Бұл келісімге екі ел 2006 жылғы 4 шілдеде қол қойған еді.
Құжат Қазақстанға аталған аумаққа инвестор тартуға мүмкіндік береді. Қазақстанның меншігі ретінде төрт нысан бекітілген: «Қазақстан» санаторийі, «Самал» демалыс үйі, «Университет» спорттық-сауықтыру лагері және «Олимп» спорттық-сауықтыру орталығы.
Қазіргі уақытта Президент Іс басқармасы Ыстықкөл жағалауында жаңа «Қазақстан» санаторийі құрылысын жүргізіп жатыр. Нысанды 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Жоба аясында аумақтағы барлық ғимараттар сүріледі.
Еске сала кетейік, 2009 жылғы 1 желтоқсанда жасалған үкіметаралық шарт бойынша Қазақстанға Ыстықкөл аумағындағы жалпы 58,8 гектар жер 49 жылға уақытша ақылы пайдалануға берілген. Ал қырғыз тарабы құжатқа сай, жалға берілген нысандардың қолсұғылмауына кепілдік береді және оларды мемлекет меншігіне қайтарып алу әрекетін жасамауға міндеттенеді.
Oқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық