Қырғызстанда парламент спикері отставкаға кетті
Фото: 24.kg
Көрші елде кадрлық өзгерістер әлі жалғасып жатыр. Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев қызметінен босатылса, енді Жогорку Кенеш спикері Нурланбек Тургунбекуулу да отставкаға кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Спикер бұл жаңалықты парламент отырысында айтты. Ол мұндай шешімді саяси тұрақтылықты сақтау және қоғамда алауыздыққа жол бермеу мақсатында қабылдағанын мәлімдеді.
«Мен ешқашан бір-екі адамның мүддесі үшін жұмыс істеген емеспін. Әрдайым елдің, қырғыз халқының мүддесі үшін қызмет еттім. Осы уақыт ішінде мемлекет үшін маңызды әрі қажет шешімдердің қабылдануына өз үлесімді қостым. Мен ешқайда кетпеймін, депутат ретінде жұмысымды жалғастырамын», — деді Нурланбек Тургунбекуулу.
Экс-спикер өзіне ешқандай қысым болмағанын баса айтты. Спикердің міндетін уақытша атқарушы болып Жумгалбек Шабданбеков тағайындалды.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын қырғыз президенті Конституциялық сотқа жүгінген еді. Садыр Жапаров Конституциялық соттан өз өкілеттік мерзімі мен кезекті президенттік сайлауды тағайындау тәртібіне қатысты ресми түсіндірме беруді сұрады.
Оқи отырыңыз:
- Қырғызстан мен Тәжікстан тарихи келісімге қол қойды
- Қырғыз президентінің саяси серіктесі Ташиев бүкіл қызметінен босатылды
- 2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-құрылтайы өтеді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық