Украина, АҚШ және Ресей арасындағы Абу Дабидегі келіссөздер кейінге қалды
Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде Ресейдің Украинаға қарсы соғысын аяқтау мәселесіне арналған Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің кезекті раунды тағы да кейінге шегерілгенін хабарлады, деп жазады Orda.kz.
Зеленскийдің айтуынша, келесі келіссөздер бұрын күтілгендей 1 ақпанда емес, 4–5 ақпан күндері Абу Дабиде өтетін болды.
«Украина мазмұнды әрі нәтижелі пікірталастарға дайын. Біз олардың қорытындысы соғыстың нақты әрі әділ аяқталуына жақындатқанын қалаймыз. Қолдау көрсетіп жатқан баршаға алғыс білдіремін» деп жазды Зеленский.
Еске салайық, 23 қаңтарда Абу Дабиде Ресей, АҚШ және Украина өкілдерінен құралған қауіпсіздік мәселелері жөніндегі үшжақты жұмыс тобының алғашқы отырысы өткен болатын. Кездесуден кейін Зеленский тараптар «соғысты аяқтау жағдайын» талқылағанын мәлімдеді.
Айта кету керек, келіссөз жабық форматта, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуынсыз өтті. Дегенмен келіссөзден кейін BBC-дің орыс қызметі түрлі дереккөздерге сілтеме жасап, тараптардың нақты қандай мәселелерді талқылағаны жөнінде ақпарат таратты.
Бұдан бірнеше күн бұрын АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы бейбітшілік жөніндегі келісімге қол жеткізу ісі бойынша тараптар шешімге барынша жақындағанын айтқан болатын. Оның пікірінше, алда өтетін Украина, Ресей және АҚШ арасындағы келіссөздердің табысты аяқталуына мүмкіндік бар.
Еске салсақ, Абу Дабидегі соңғы келіссөз Ресей, Украина және АҚШ өкілдері арасындағы кездесу шамамен үш сағатқа созылып, камерасыз әрі даулы мәлімдемесіз өтіп, ың-шыңсыз аяқталған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Украина бейбітшілік үшін бәріне дайын: Зеленский саммиттен кейін Трамппен сөйлесті
- Абу Дабиде Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер басталды
- Украина мен Ресей тұтқындарды ауқымды алмастыру туралы келісті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық