Камерасыз әрі даулы мәлімдемесіз: Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер ың-шыңсыз аяқталды
Фото: Pixabay
Ресей, Украина және АҚШ өкілдері арасындағы кездесу шамамен үш сағатқа созылып, «конструктивті» сипатта өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Axios деректеріне сүйенсек, Украина өкілдері диалогты «позитивті» деп атап, келесі аптада-ақ БАӘ аумағында келіссөздердің жалғасы өтуі мүмкін екенін мәлімдеген. ТАСС дереккөзі де кездесудің белгілі бір нәтиже бергенін айтқанымен, оның нақты қандай нәтиже екені жарияланбады.
Украина президенті Владимир Зеленскийдің айтуынша, Абу Дабидегі талқылаулардың негізгі назары соғысты тоқтатудың ықтимал бағыттарын қамтыған.
«Соғысты аяқтау үдерісін бақылау мен қадағалаудың, сондай-ақ нақты қауіпсіздікті қамтамасыз етудің америкалық мониторингі қажет екені жөнінде түсіністік бар екенін жоғары бағалаймын. Америка тарабы соғысты аяқтау параметрлерін бекітудің мүмкін форматтары мен ол үшін қажет қауіпсіздік жағдайлары мәселесін көтерді»,— деді Украина басшысы.
Ол келіссөздерді «конструктивті» деп атап, қатысушылар кездесудің қорытындыларын өз елдеріне жеткізіп, алдағы қадамдарды келісу жөнінде уағдаласқанын қосты:
«Алға жылжуға дайындық болған жағдайда — ал Украина дайын — келесі кездесулер өтуі бәлкім, келесі аптада мүмкін болады».
Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер Абу Дабиде 23 қаңтар күні Ресей, АҚШ және Украина арасындағы келіссөздер барынша жабық форматта басталды. Делегациялар құрамына кімдер кіргені туралы біз бұған дейін толығырақ жазған едік.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық