Түрмеден қашып шыққан педофил тағы да бала зорлады
Фото: Nova24.uz
Өзбекстанның Ташкент облысында кәмелеттік жасқа толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін сотталған ер адам колониядан қашып шығып, тағы да бала зорлады, деп хабарлайды Orda.kz.
Nova24.uz мәліметінше, Ташкент облысында сотталған адам колониядан қашып, ауыр қылмыс жасады деген ақпарат тарады. Ол бұған дейін кәмелетке толмағанға жыныстық зорлық жасағаны үшін жазасын өтеп түрмеде отырған. Қашқынды жергілікті тұрғындар ұстап, құқық қорғау органдарына тапсырған.
Облыстық ішкі істер басқармасы бұл оқиғаға түсініктеме берді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты жаңа қылмыстық іс қозғалған. Қазір ол қамауда.
Белгілі болғандай, оқиға 16 қазанда Ахангаран ауданында болған. №50 колония-қонысында еңбек жұмыстарын атқарып жүрген 31 жастағы ер адам қашып шығып, зорлық жасаған. Тұтқынды жергілікті тұрғындар ұстаған.
Ол 2018 жылы он төрт жасқа толмаған адамға қатысты қылмыс жасағаны үшін 16 жылға сотталған болатын. 2024 жылдың тамызында сот шешімімен ол жазасының қалған бөлігін колония-қоныста өтеуге ауыстырылған.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы қыз босанды. Істе күдікті ретінде жәбірленушінің өгей атасы ұсталды.
Сондай-ақ жақында Түркістан облысының Келес ауданында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам ұсталды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық