Түркістанда 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан бала көтерді
Түркістан облысының Келес ауданында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жасөспірімге қорлық көрсетті деп айыпталған ер адамның қыздың туысқан атасы екені анықталды. Туысынан қорлық көрді деген жасөспірім биыл ақпан айында босаныпты. Оқушы жағдайды ешкімге тіс жарып айтпаған. Жақындары жағдайды жүктілігінің жеті айында бір-ақ білдік дейді. Күдікті көрші үйде тұратын жетпіс жастан асқан туысы. Немере бағып отырған қария өз кінәсін толық мойындаған.
Полиция қазір бұл іске қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастады.
«Келес ауданында кәмелетке толмаған қызға қатысты жасалған заңға қайшы әрекет бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып уақытша ұстау изоляторына қамалды. Барлық мән-жайды анықтау шаралары жасалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижиесімен қажетті шара қолданылады», деп мәлімдеді полиция департаменті.
Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында 14 жастағы оқушы қыз босанған еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық