Түркістанда Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммиті өтеді
Фото: Ашық дереккөзден
15 мамырда Түркістанда Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммитін өткізеді. Саммиттің негізгі тақырыбы – «Жасанды интеллект және цифрлық даму», деп хабарлайды Orda.kz.
Ұйымның ресми сайтында Түркі мемлекеттері ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің бейресми саммиті Түркістанда 15 мамыр күні өтетіні жазылған.
Саммитке Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы елдердің мемлекет және үкімет басшылары, сондай-ақ ұйымның Бас хатшысы қатысады. Олар қарқынды дамып жатқан цифрлық дәуірдегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылайды. Сонымен қатар саммитке Ақсақалдар кеңесі мен түркі ынтымақтастығы ұйымдары да қатысады.
«Бейресми саммит жасанды интеллект, цифрлық инновациялар мен жаңа технологиялардың әлеуетін тиімді пайдалану арқылы тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және өңірлік байланыстарды нығайту мәселелері бойынша түркі мемлекеттері арасындағы стратегиялық диалогты дамытуға маңызды алаң болады. Ресми бағдарлама аясында мемлекет басшылары кеңесінің отырысы алдында Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді» деп жазылған хабарламада.
Түркі мемлекеттері ұйымында атап өткендей, саммиттің түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістанда өтуі түркі халықтарының ортақ тарихи мұрасы мен цифрлық технологияларды пайдалана отырып серпінді болашақ құруға деген ұжымдық ұмтылысының тығыз байланысын білдіреді.
Саммит түркі мемлекеттері арасындағы бірлік, ынтымақтастық және нәтижелі серіктестікті одан әрі нығайтады деп күтілуде.
Еске салсақ, былтыр Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен 6–7 қазан күндері Әзірбайжанға ресми сапармен барды.
Бакуде Түркі мемлекеттері ұйымының өнеркәсіп, ғылым, технология және инновация министрлерінің екінші кездесуі өтті. Іс-шараға Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан өкілдері, сондай-ақ Венгрияның Әзірбайжандағы елшісі қатысты.
Саммит Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы маңызды саяси шара болып саналады. Онда мемлекет басшылары ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын, өңірлік және халықаралық мәселелерді талқылайды.
Оқи отырыңыз:
- Түркі мемлекеттері ұйымы отырысында Қазақстан қандай бастама көтерді
- Түркі мемлекеттері ұйымдарының келесі кездесуі Қазақстанда өтеді
- Көпвекторлық па, әлде саяхат маусымы? Неліктен басқа мемлекеттердің басшылары Қазақстанға келгіштеп кетті?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық