Көпвекторлық па, әлде саяхат маусымы? Неліктен басқа мемлекеттердің басшылары Қазақстанға келгіштеп кетті?

cover Коллаж: Orda.kz

1 қарашадан бастап Қазақстанға бірнеше шет мемлекеттердің басшылары бірінен соң бірі келді. Бұл тізімде алдымен Франция президенті Эммануэль Макрон, одан кейін Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшылары, одан бір күн бұрын Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан келді. Сапарлар сериясы Ресей президенті Владимир Путиннің келуімен аяқталды.

Орда.kz Қазақстан бұл күндері неліктен әлемдік көшбасшыларды тартатын орынға айналғаны туралы сарапшылардың пікірін білді.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиевтің айтуынша, бұл Қазақстанның сыртқы саясатында дәйекті түрде ұстанатын көпвекторлы көзқарастың айқын көрінісі.

«Біз бір мезгілде Ислам ынтымақтастығы ұйымының, Түркі мемлекеттерінің ұйымы, ЕАЭО, ШЫҰ мүшелеріміз. Біз Қытаймен, Еуропамен, АҚШ-пен тығыз жұмыс жасаймыз және Израильмен достық қарым-қатынастамыз», - дейді сарапшы. 


Сондай-ақ, оның пікірінше, бұл Қазақстан мен жалпы Орталық Азияның қазіргі геосаяси шындықта мүлде жаңа мәнге ие болып жатқанының көрсеткіші.

«Біз үшін бұл жаңа мүмкіндіктердің көзіі, оны пайдалануымыз керек», - дейді Талғат Қалиев.


Саясаттанушылар Расул Арин мен Әнуар Бақытханов осы сапарлардың ең маңыздысы ретінде бірінші және соңғы – Макрон мен Путиннің келуін атап өтті.

«Ердоған мен Орбанның сапарлары ТМҰ саммиті аясында жоспарланған болатын. Бірақ Макрон мен Путин сапарлары Украинадағы қақтығыстың әртүрлі жақтарын білдіретіндігімен ерекшеленеді», - деп атап өтті Арин.


Оның пікірінше, Эммануэль Макронның сапарына екі фактор түрткі болуы мүмкін. Біріншісі – Францияның өзінің энергетикалық қауіпсіздігі. Екіншісі – Қазақстанның Ресейдің бейтарап көршісі ретіндегі геосаяси рөлі.

«Путиннің сапары бұрын талқыланған болатын, бірақ қолайлы сәтке дейін мәміле ретінде сақталды. Енді бұл Ресейдің дипломатиялық қарсы әрекеті сияқты», - деп есептейді сарапшы. 


Сондай-ақ, Әнуар Бақытханов Франция басшысы сапарының басты себебі ретінде энергетика туралы айтты.

«Менің ойымша, бүгінгі күннің басты экономикалық мәселесі – атом энергетикасы, атап айтқанда АЭС құрылысы. Бұл мәселе бойынша соңғы шешім мәреге жақын қалды. Көріп отырғанымыздай, талқылаулар әлі де жалғасуда, бірақ қазір ең жоғары деңгейде. Франция Президентінің сапары Париждің және онымен бірге Еуропаның уранның сенімді және үздіксіз жеткізілуіне мүдделі екенін және өз кезегінде Қазақстандағы атом электр станцияларын іске асыруға және салуға көмектесуге дайын екенін айқын көрсетті»  деп  бөлісті Бақытханов өз пікірімен. 


Атом электр стансасын салуға мүдделі екенін ашық айтпаған Макроннан айырмашылығы, Путин Ресей қажет болған жағдайда жобаны жүзеге асыруға көмектесуге дайын екенін айтты. Рас, сапарда емес, соны күтіп алған кездегі сұхбатында.

Сонымен қатар, Путиннің сапарының өзі, Әнуар Бақытхановтың айтуынша, экономикалық байланыстар тұрғысынан ғана маңызды емес.

«Екі ел үшін де геосаяси салдарлардың, атап айтқанда интеграция мәселесінің маңызы зор. Бүгінде солтүстік көршіміз үшін орыс тілі мен онымен байланысты барлық мәселелер өте нәзік. Стратегиялық серіктестік пен өзара тиімді ынтымақтастық Ақорда үшін де, Кремль үшін де өте маңызды».

Ал саясаттанушы Валерий Володиннің пікірінше, бұл сапарлар тізбегі әлем бірполярлық болуды тоқтатуға ұмтылып жатқан жаһандық үдерістің бір бөлігі болмақ.

«Биліктің жаңа полюстері құрылуда. Ресей Федерациясы өзін солардың бірі деп санаса, Қытай да солардың бірі, бәлкім, бір күні жаңа түркі әлемінің де бірі болып қалар. Және олардың әрқайсысы мүмкіндігінше көбірек одақтастарды және осы жаңа күш орталықтары АҚШ пен Еуропа әлемі деп аталатын өркендеу мен демократия әлеміне қарсы тұра алатын құндылықтарды, идеалдарды, мифологияларды бөлісе алатындарды іздейді».


Дәл осы Қазақстанды өз орбитасына шығару әрекетін Володин әлем көшбасшыларының Қазақстанға жасаған сапарлары туралы түсіндіреді.

Бірақ, сарапшының айтуынша, мұның басқа түсіндірмесі бар.

«Бұл маусым. Тарихи деректерге сүйенсек, әрқашан ауылшаруашылық жұмыстарынан кейін, жер тыныға бастағанда және негізгі мерекелер әлі басталмаған кезде, әртүрлі елдердің басшылары көптен бері келуге уәде етілгендердің барлығына құрмет көрсетіп, белсенді саапарлайды», - дейді Валерий Володин. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар