Түркістанда тағы да жантүршігерлік оқиға: Басына секіріп, өлімші етіп сабаған
Фото: Orda.kz
Түркістан облысында тағы да жантүршігерлік қылмыс болды. Бұл жолы Сайрам ауданының тұрғындары бір-бірімен ерегесіп, соңы жаппай төбелеске ұласқан, деп хабарлайды Orda.kz.
20 жастағы Ақбаржан Әбдімәжитовтің ата-анасы бір апта бұрын баласынан айрылып қала жаздады. Бәрі де ауданда өткен көкпар ойнынан басталды дейді жас жігіттің ағасы. Айтуынша, спорттық сайыста Ақбаржан өзінен 4 жас үлкен жігіт ерегесіп қалған.
«Күндіз көкпар ойын алаңында Азиз деген баламен Ақбаржан ерегесіп қалған. Кешке қарай Азиз есімді бала Ақбарға телефон соғып, сағат 21:00-де мектептің алдына шақырған. Біздің бала ол жерге барған кезде 25-30 шақты адам болған. Ақбаржанды ұрып-соғып, талып қалғанша жәбір көрсеткен және баланың басынан теуіп 5-10 минут қинаған», — дейді Ақбаржанның ағасы Мамадкарим Ниязтаев.
Ақбаржанның ағайындары өлім мен өмір арасында жатқан жігітті Қарабұлақ ауылындағы мал соятын аумақтан таптық дейді. Айдалада екі сағат бойы жатқан әлсіз денені түнгі он екіде ауруханаға алып келіп, ауруханаға жатқызған. Ол комаға түсіп кеткен. Бас ми жарақатын алған жігіт бір апта бойы жансақтау бөлімінде ем алып, енді палатаға ауыстырылыпты. Алайда, әлі де есін жимаған.
«Жалпы үш науқас келген. Медициналық көмекке жүгініп. Оның ішінде біреуі жағдайы ауыр жағдайда болған. Ол сол уақытта тексерулерден өткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Бір науқас жағдайы орташа ауырлықта жарақат бөліміне ем алуға жатқызылған. Бір науқас қанағаттанарлық жағдайда амбулаториялық емге жіберілген», — дейді Сайрам аудандық ауруханасының дәрігері Фаррух Шадиев.
Басты жәбірленуші тергеушілерге оқиғанын мән-жайын айтып беруге әзірге шамасы жетпейді. Өйткені екі сөздің басын әрең қосып жатыр дейді жақындары. Жалпы бұл төбелесте бес адам зардап шегіпті. Олардың бәрі де Ақбаржанмен бірге барған достары. Бірінің мұрны сынып, екіншісінің ерні жыртылған. Олар 30 шақты адам жиналған қарсы топпен сөйлесу үшін бесеуі ғана барған дейді жәбірленуші тарап.
«Шақырған жігіттердің қолдарында пышақ, біреуінде пистолет, қолға тағып ұратын кастет болған дейді. Ал бұл бесеуінің қолында ешқандай қару болмаған. Бізде қазір қауіп көп. Өйткені адамды ұрып- соғып, денесін малша мыжғылап, айдалаға алып барып тастағандар сол күйі жауапқа тартылмады. Қамауға алынғанымен үйлеріне жібере салды», — дейді жәбірленушінің әкесі Шавкад Усманов.
Ақбаржанның жақындары жігітті ұрып-соққандардың сол күйі жазаланбағанына ашынып отыр. Сөздерінше, екі жігіт қана күдікке ілініп, екеуі де үйқамаққа жіберілген. Жігіттің туыстары адамды аяусыз сабап, кейін оны ұрлағаны үшін жауапқа тартылуын талап етеді.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық