Түркістан облысында 4 жасар балақай 5-сынып бағдарламасын меңгерген
Фото: Orda.kz
Әли Адамбектің партаға отыруына есепке жүйріктігі себеп болған. Ол «Алтын төбе» жалпы орта мектебінде оқиды. Ұстаздарының сөзінше дайындық сыныбындағы балақай қатарластарын басып озып, 5-сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген, деп хабарлайды Orda.kz.
Тіпті ешкімнің жетегінсіз өздігінен оқып, жазуды да үйреніп алған дейді анасы.
Бойының тақтаға әрең жеткені де Әлиге кедергі емес. Есепқұмар балақай екітаңбалы сандары ойша қоса да, көбейте де алады. Оны тіпті есепті ағылшын тілінде де айта алады.
Балабақшада жүргенінде тәрбиешілер үйретеріміз қалмады деп мектепке жіберген екен. Сөйтіп, Қазығұрт ауданының талантты баласы білім ұясында жүріп төрт жасқа толған.
«Әли осы мектепке келіп, оқып жүріп 4-ке толды. Бірінші келгенде бұл кішкентай ғой, бұны қалай оқытамыз деген ой болды. Байқап қарасақ, оның үлгерімі менің оқушыларымның деңгейінен жоғары. Үш таңбалы сандарды қосып, азайта алады. Екі амалды беріп көрдім. Оны шығарды. Оқи ала ма екен деп әліппені берсек, әліппені де жақсы оқыды. Мен мүмкіндігінше арнайы басқа тапсырмалар беремін. Боямақ алып келгенде бұған есептері бар боямақтар алып келемін», — дейді ұстазы Әлия Миятбекова.
Дарынды бала үйдегі 6 перзенттің кенжесі. Анасы — Нұргүл Мырзағали ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Жұмыстан қолы босамайтын анасы Әлидің өз бетінше сабақ оқып, әр нәрсені үйреуге бейімі жоғары екенін айтады.
Балақай ұялы телефон арқылы ағылшын тілінде математикалық контент көріп жүріп-ақ көбейту кестесін жаттап алған екен.
«Машина, ойыншық алып келіп берсем қарамады. Бұл балалардың дәптер-кітаптарына таласады. Бір күні қарасам 3-сыныптағы баламның 105 сабақ деген математикалық жинағының бір бетіндегі бір таңбалы сандары бар есептің бір қатарын шығарып тастапты. Жататын кезде үнемі мама есеп айтайықшы дейді. Жат енді ұйықта деп жатсам, ағылшынша көбейту айтып жатыр. Ол кезде жасы үштен енді асқан болатын», — дейді Әлидің анасы.
4 жастағы оқушы дайындық алды сыныбын қойып, үлкендермен жарысып есеп шығаруға көшкен. Математика пәні мұғалімімен танысып алған шәкірт бүгінде ұстазының соңынан қалмайды екен.
«Туған әпкесі Аяулым менің қосымшама қатысады. Мен келген кезде көбейту кестесін сұраймын оқушылардан. Көбейту кестесін сұрасам, осы бала тез жауап беріп қала береді. 9х8 қанша десем 72 деп басқа балалардан бұрын айтады. Тақтаға есеп берсем, аналардан бұрын шығарып тастайды. 5-6 сынып оқушылары бұны көріп, кәдімгідей намыстанады. Кеше бөлуді үйреніп келіпті. 124/2 қанша десем оны да 62 деп айтып тұр», — дейді мұғалімі Бақдәулет Жетібай.
Алғыр баланың қабілеті мұнымен шектелмейді. 4 жастағы Әли әліппені толық меңгеріп, енді ағылшын тілінде оқып жазуға да ықылас танытып жүр екен.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық