Түркістан полициясы журналистің ұрланған көлігін бірнеше сағат ішінде тауып берді
Фото: Егемен Қазақстан
Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті журналист жүгініп, жұмыс орнының алдында тұрған өзіне тиесілі автокөлікті белгісіз біреу заңсыз айдап кеткені туралы арызданған, деп хабарлайды Orda.kz.
Аталған дерек бойынша полиция бірден Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бейнежазбада көрініп тұрғандай оқиға орны мұқият қаралып, іздер тіркелді, сондай-ақ қала аумағындағы бейнебақылау камераларының жазбалары толықтай зерделенді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде автокөлікті заңсыз айдап кеткен күдікті бірнеше сағат ішінде анықталып, ұсталды. Ол Түркістан қаласының жұмыссыз тұрғыны екені белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, оның осыған ұқсас өзге де құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Полиция мәліметінше, соңғы уақытта автокөлікті заңсыз айдап кету фактілері көбіне көлікті қараусыз қалдыру немесе қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан орын алады. Осыған байланысты құқық қорғау органдары азаматтарға көліктерін қараусыз қалдырмауға, міндетті түрде сигнализация жүйесін орнатуға және есіктерін құлыптап жүруге кеңес береді.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, көлікті айдап кету (ұрлау мақсатынсыз) дерегі бойынша кінәлі тұлғаларға айыппұлдан бастап, бас бостандығын шектеу немесе айыру жазасына дейінгі жауапкершілік қарастырылған. Ал егер бұл әрекет қайталанса немесе ауырлататын мән-жайлармен жасалса, жаза қатаңдатылуы мүмкін.
Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық