Сайлауда жалған ақпарат таратқандар жазаланады
Фото: Егемен Қазақстан
Қазақстандықтарға жалған ақпарат, жала жабу және сайлауға қатысты сауалнамалар үшін жауапкершілік бар екені ескертілді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы арнайы үндеу жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратура саяси партияларға адал үгіт-насихат жүргізу қағидаларын еске салды, сондай-ақ сайлаушыларды сатып алу сияқты заңбұзушылықтар үшін көзделген жауапкершілік туралы да айтылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары мен Қазақстан азаматтарына жала жабуға және азаматтардың ар-намысы мен беделіне нұқсан келтіретін үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынатыны да ескертілді.
«Қоғамдық тәртіптің бұзылуына қауіп төндіретін немесе азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруі мүмкін екені алдын ала белгілі жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады», деп хабарлады Бас прокуратура
Сондай-ақ қадағалау органы сайлауға қатысты сауалнамалар мен болжамдарды жариялауға қойылатын талаптарды да еске салды. Мұндай сауалнамаларды тек Орталық сайлау комиссиясында тіркелген заңды тұлғалар ғана жүргізе алады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық