Түркістан облысында жоғалған сегіз жасар бала төртінші күн табылар емес
Фото: Orda.kz
Түркістан облысының кішкентай тұрғыны Жаннұр Тұрсынбек төрт күн бұрын суға кеткен. Содан бері іздестіріліп жатқан балақайды мамандар әлі күнге дейін таба алар емес, деп хабарлайды Orda.kz.
Екінші сынып оқушысы арыққа аяқ киімін түсіріп алып соңынан жүгірген екен. Ақыры тайып құлап, Келес өзеніне ағып кеткен. Оны өзімен бірге ойнап жүрген балалар көріпті. Ауыл халқы арықтың тым төмен салынғанына ашынады. Егер биік орналасқанда ойын балаларының оған шығуы қиындап, қайғылы жағдай болмас еді дейді.
«Мына жерде әрқандай балалар ойнайды. Сым да жоқ, ештеңе жоқ. Ескерту белгісі де жоқ. Менің інім мына жерде сым болғанда сол сымға ілініп, аман қалар ма еді деген сұрақпен отырмыз қазір. Аудандық әкім өзіміз бітіреміз деп Шымкент қалалық ТЖД жұмысшыларына өтініш беруге қарсы болып отыр. Бір жағынан баланың үш күнде өті жарылып су бетіне шығады деген сылтаумен іздестіру жұмыстары өте немқұрайлы жүріп жатыр», — дейді Жаннұрдың әпкесі Әсел Бердібай.
23 наурыз күні кешкі сағат бестерде болған жағдай Абай ауылының тұрғындарын түгел есеңгіретіп жіберді. Жұрттың бәрі қазір жеткіншекті іздеумен жүр. Келес өзенінің бойын жағалағандардың арасында құтқарушылар да бар.
«Түркістан облысы Келес ауданында төтенше жағдай департаменті құтқарушылары, полиция департаментінің өкілдері және ауыл тұрғындарымен бірлескен іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Келес өзеніне батып кеткен 2018 жылғы баланы іздеуге барлығы 120 адам қатысты. Сондай-ақ қолданыста 15 техника, 2 қайық пен 2 ұшатын аппарат бар. Балаларыңызды көзден таса жібермей, қауіпсіздік шарасын сақтауды сұраймыз»,— дейді Түркістан облысы ТЖД бастығының орынбасары.
Жаннұрдың ата-анасы арық маңын торуылдаумен жүр. Таңның атысынан кештің батысына дейін кете алмай жүрген олар балаларының табылғанын тілеп отыр. Айта кетейік, олардың ұлдарынан көз жазып қалғанына бүгін төртінші күн.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы
Оқи отырыңыз:
- Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
- Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
- Атыраудағы қайын жұртын қырып тастаған күдіктіге ұрлық пен алаяқтық айыптары қосылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық