Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың анасы әділдік іздейді
Фото: Orda.kz
Түркістан облысында қорланды деген 6 жасар қыздың ата-анасы әділдік іздейді. Сөздерінше 1-сынып оқушысына бір мектепте оқитын жоғары сынып оқушысы азғындық жасаған. Осыны айтып дабыл қаққанымен қимылдаған ешкім жоқ дейді ашынған ата-ана. Orda.kz тілшісі қыздың анасымен тілдесіп қайтты.
Оқиға 16 ақпанда болған. 1-сынып оқушысы сабақтан күндегі келетін уақытынан әлдеқайда кешігіпті. Бұған уайымдай бастаған ана перзентінің үйге келгендегі түрінен тіпті шошып кеттім дейді. Анасына жылап келген қыздың киімі алқам-салқам болып, буылған шашы жұлмаланып кетіпті. Сөйтсе қос құрбыға жол бойында 9-сынып оқушысы тиісіп, екіншісі қашып, біреуі қаскөйдің қолында қалып қойған дейді анасы.
«Сол оқиғадан кейін қызымды алып, Түркістан қаласындағы гинекологқа көрсеттік. Ол жерде дәрігер әрекет жасалған, бірақ қыздығы аман деді. Біз оған да шүкір дедік. Енді соны солай жазып беріңіз десек, біз эксперттердің тірлігіне араласа алмаймыз деді. Сол жерде 102 шақырып, қылмыстық іс қозғаттық», – дейді жәбірленушінің анасы.
Арада ай өтсе де қызға қол жүгіртті деген бозбала сол күйі жауапқа тартылмады дейді анасы. Сөзінше мектеп басшылығы көп ұзамай қыздың сабаққа келуін талап еткен. Психологиялық соққы алған балақай үлкендердің мәжбүрлеуімен мектепке оралды дейді отбасы. Бірақ көрген қорлығын сол күйі ұмытпаған.
«Қазір қызым күндіз бала болып ойы бөлінгенімен бұрынғыдай тамақ ішіп, ойнай алмайды. Жасық, тұйық болып қалған. Ал, түн батса тіпті ұйқы жоқ. Шошып шығады. Жанынан кетпеуімді сұрап, бір баланың келе жатқанын айтады», – дейді жәбірленушінің анасы.
Отырар ауданындағы аядай ғана ауылда тұратын отбасы қазір үреймен өмір сүруде. Өйткені қызымызға тиісті деген ер бала ештеңе болмағандай мектепте емін-еркін жүр дейді.
«Арыз тастағалы бері ешқандай іс жүріп жатқан жоқ. Біз өзіміз хабарластық екінші күні тергеушіге. Сараптама тағайындаймын дегенің кәні десек, мал ұрлығы болып жатыр еді. Қолым тимей жатыр деп біздің істі екінші күні-ақ қолға алғысы келмей отыр ғой. Әділдік болады деп осы уақытқа дейін күттік. Жоқ істің бәрі бұрмаланып жатыр. Ешқандай қамалған жоқ ол бала. Емін еркін-ауылда жүр»,– дейді жәбірленушінің анасы.
Сот медициналық сараптамасы қызға ешқандай зақым келмегенін мәлімдеген. Ал полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын айтады.
«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, Түркістан облысы тұрғынының барлық уәждері тексерілуде. Бастапқы тергеу іс-шараларының нәтижелері бойынша кәмелетке толмаған қызға қатысты құқыққа қайшы іс-әрекеттер анықталмады. Сонымен қатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Оның қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылданатын болады»
Ашынған ата-ана бұл іске Түркістан облысының балалар омбудсмені араласып, ішкі істер министрлігі тексеріс жасауын сұрайды.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Түркістан облысы
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық