Талғардағы кісі өлтіру мен бала ұрлау қылмысы: Басты айыпталушы 25 жылға сотталды
Коллаж: Orda.kz
Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында ел жағасын ұстатқан іс бойынша үш айыпталушыға үкім шығарылды. Бүгін сот басты айыпталушыны 25 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Orda.kz.
Қанды оқиға былтыр 6 қыркүйекте Талғар ауданы Қызылқайрат ауылында болған. Жергілікті көлік жөндеу станциясы қызметкері ауыл тұрғынын зорлап, бір ай бойы оны бопсалап, жалаңаш фотоларын жәбірленушінің әріптестеріне таратқан. Кейін ол әйелдің ағасын көшенің қақ ортасында жүрек тұсынан атып, оның екі жасар қызын ұрлап кеткен. Көп ұзамай кішкентай қыз табылды.
Жәбірленуші тараптың адвокаттарының айтуынша, істің басты фигуранты 25 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал кәмелетке толмаған екі сыбайласы 9 жылға сотталды.
Басты айыпталушы марқұмның анасына, жұбайына және қарындасына 10 миллион теңгеден – барлығы 30 миллион теңге беруге міндеттелді. Кәмелетке толмаған сыбайластарының әрқайсынан үш жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңгеден – әрбір сотталушыдан 15 миллион теңгеден өндіріледі.
Айта кетерлігі, 3 қыркүйекте, трагедиядан үш күн бұрын, учаскелік инспектор сол үйдегі әйел шақырған соң барады. Сол күні үйге мылтық ұстаған ер адам келген. Инспектор қорғау нұсқамасын рәсімдеп, оған жәбірленушінің жалған қолтаңбасын қойған. Сараптама бұл қолтаңбаның жәбірленушіге тиесілі емес екенін анықтады. Артынша прокуратура Талғар аудандық полициясының қызметкерлеріне қатысты «лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігі» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық