Түркістан облысында тұрғын үйдегі шаруашылық құрылысы өртенді

cover Фото: ҚР ТЖМ мұрағатынан

Түркістан облысы Еңбекші ауылында Боралдай көшесінің бойындағы тұрғын үйдің ауласында орналасқан шаруашылық құрылыста өрт шықты, деп хабарлайды Orda.kz.       

Алғашқы өрт сөндіру қызметтері келген кезде шаруашылық құрылыс толығымен ашық жалынмен жанып жатқан. 100 шаршы метрді жалын шарпыған.

Өртті сөндіру барысында құтқарушылар жанып жатқан шаруашылық құрылыс ішінен екі газ баллонын шығарды. Сол арқылы баллондардың қызып кетуі мен ықтимал жарылысының алдын алды.

Өртсөндірушілер өртті жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар