Түркістан облысында 90 жыл бұрын салынған мәдениет үйі өртеніп кетті
Фото: Бейнеден кадр
Түркістан облысы Ащысай ауылында 1938 жылы негізі қаланған, құнды жәдігерлер сақталған мәдениет үйі өртенді, деп хабарлайды Orda.kz.
Өртке оранған мәдениет үйінде көне музыкалық аспаптар, фильмдер мен пластинкалар топтамасы және кітапхана болған. Түркістан облысы ТЖД мәліметінше, өрт кеше, 4 тамыз күні тұтанған. Мәдениет үйінің шатыры өртеніп, жалын 1512 шаршы метрлік ғимараттың 600 шаршы метр аумағын шарпыған.
«Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің себептері анықталып жатыр», деп хабарлады Түркістан облыстық ТЖД.
Бұл ғимаратты 1938 жылы жапондық әскери тұтқындар салған. Мәдениет үйі аймақтағы көрнекті сәулет нысаны және рухани орын саналған.
Айта кетейік, Петропавлда қалалық полиция басқармасының ғимаратында құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған 29 жастағы ер адам қайтыс болды.
Жаңалықтар
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- 3 сәуірде Астана уақытымен 21 сағат 13 минутта жер сілкінісі тіркелді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?
- Президент өкімімен әскери қолбасшылар тағайындалды
- Алматыда жасөспірімдерге тиісіп, көшені шулатқан тәжік балалары ұсталды
- Мәскеу — Челябі бағытымен жүретін пойыздың жеті вагоны рельстен шығып кетті
- Иран АҚШ-тың нысанаға алынуы мүмкін кемелерінің тізімін жасады
- 200 млн-ға жуық заңсыз табыс: Ақтөбеде қаржы пирамидасын ұйымдастырған бір топ адамға үкім шықты