Петропавлда ұсталған бір жігіт полиция ғимаратында өзіне қол салды
Фото: freepik.com
Петропавлда қалалық полиция басқармасының ғимаратында құқық бұзушылық жасағаны үшін ұсталған 29 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Orda.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеп.
Қайғылы жағдай 18 маусымда болған. Алайда, бұл жағдай туралы жуырда ғана белгілі болды. Марқұмның туыстары жігіт тергеу изоляторында өзін өлтіргенін айтты.
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұсталған адамның қайтыс болған фактісін растады.
«Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайы толық, жан-жақты және объективті зерттеліп жатыр», деп хабарлады ПД.
Жігіттің өзіне қол жұмсауына не себеп болғаны әлі белгісіз. Осы іс бойынша қызметтік тергеу аяқталған.
«Қызметтік тергеу қорытындысы бойынша, полиция қызметкерлері тарапынан құқыққа қайшы әрекеттер анықталмады. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді», деп мәлімдеді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Балқаш қаласында «Қазақмыс» кәсіпорнының қызметкеріне 8 жастағы баланы соққыға жықты және азаптады деген айып тағылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық