Павлодарда мектеп комиссиясы мемлекеттік рәміздерді өртеген бейнежазба тарады
Фото: Бейнеден кадр
Әлеуметтік желіде көк туды өртеп, елтаңбаны сындырған бейнежазба тарады. Желі қолданушылары мұны түсінбей, ұлттық рәміздерді қорлап жатқаны туралы түрлі пікірлер жазды. Көп өтпей бұл жағдай Павлодар қаласында болғаны анықталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Павлодар қаласы білім бөлімі жағдайды растады. Павлодар қаласындағы М.Жұспа атындағы мектепте мектеп комиссиясы ұлттық стандарттарға және техникалық талаптарға сай келмейтін рәміздердің бірін өртеп, бірін бөлшектеп тастаған.
«Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы №137 бұйрығына сәйкес жүргізілді және тиісті актімен ресімделді», деп хабарлады білім бөлімі.
Бейнежазба тек қызметтік мақсатта түсірілген. Бейненің тарап кеткені үшін мектеп басшысына қатаң ескерту берілген.
Ал желі қолданушылары мектеп комиссиясының бұл әрекетін дұрыс түсінбей, сынап тастады. Кейбірі жағдайды түсіндіріп, ескірген рәміздерді өртеп, қиып жоятынын жазған. Көбі әлеуметтік желіге жариялаудың қажеті жоқ екенін айтып, көзге оғаш көрінетінін мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
- Президент құзырлы орындар шешімді созбалаңға салатынын сынады
- Тоқаев үкімет отырысында Назарбаевты тілге тиек етті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық