Түркияда мектептерге жасалған шабуылдардан кейін мұғалімдер наразылыққа шықты
Фото: Бейнеден кадр
Шанлыурфа мен Кахраманмараш қалаларындағы мектептерге жасалған қарулы шабуылдардан кейін елдің әртүрлі аймақтарынан келген мұғалімдер Анкараға жиналды. Олар наразылық акциясын өткізіп, білім министрін қызметінен кетуді талап етті, деп хабарлайды Orda.kz оппозициялық Halk TV телеарнасына сілтеп.
Наразылық білдірушілер Түркия астанасындағы білім министрлігі ғимаратына қарай беттеген. Олар қолдарына «Юсуф Текин (білім министрі) – мұғалімдердің жауы, отставкаға кет!», «Оқушылар мектепте қаза болғанда қайда болдыңдар?», «Зорлық-зомбылыққа қарсы иық тірестірейік» деген плакаттар ұстаған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, полиция министрлік ғимаратына апаратын жолға тосқауылдар орнатып, наразы мұғалімдерді өткізбеген. Осындай акциялар Стамбұлда да ұйымдастырылған.
Айта кетейік, кеше ғана Түркияның Кахраманмараш қаласындағы мектепте қару ұстаған оқушы 4 адамды жайратып салды. Қаза тапқандардың бірі – мұғалім, қалған үшеуі – оқушылар. Сондай-ақ 20 адамның жараланғаны айтылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық