«Құрылыс жұмысын жасатқан»: Оқушыны өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізген 3 адам сотталды
Фото: freepik.com
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланы өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізген үш тұлғаға үкім шықты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокуратуа мәліметінше, өткен жылдың сәуір айында Жамбыл ауданы Тастөбе ауылында 9-сынып оқушысы үйінің ауласындағы сарайда өзі-өзіне қол жұмсаған.
«Өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижесінде осы ауылдың 22 жастағы тұрғыны, сондай-ақ 10-11 сыныптың екі оқушысы күдікті деп танылды.
«Жүргізілген тергеу 7–11 сынып оқушылары арасында «бейресми көшбасшылардың» және «көшелік ұғыммен өмір сүру» тәртібінің қалыптасуы бар екенін, бұл кей жағдайда жастар арасында қалыпты жағдай ретінде қабылданатынын көрсетті», деп хабарлады Бас прокуратура.
Марқұм мектеп оқушысы үлкендер тарапынан жүйелі түрде қысым көрген. Тіпті оны түрлі жұмыстар істеуге мәжбүрлеген.
Қайғылы оқиғаға дейін кәмелетке толмаған жасөспірім жастар арасында «авторитет» ретінде танылған азаматтың үйінде мәжбүрлі түрде құрылыс жұмыстарын жасаған.
Жамбыл облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 16 сәуірдегі үкімімен олар кәмелетке толмағанды өзіне-өзі өлтіруге дейін жеткізгені үшін кінәлі деп танылды.
22 жастағы жігіт 8 жылға, ал оның кәмелетке толмаған екі сыбайласы 5 жылға түрмеге тоғытылды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық