Туризм министрлігі америкалық тревел-блогерді неге күтіп алмады? Министрліктің ресми мәлімдемесі
Фото: Бейнеден кадр
Америкалық танымал тревел-блогер Коннордың туризм және спорт министрлігіне деген өкпесі қара қазандай. Оның айтуынша, ресми шақырту алса да, министрліктен ешкім оны күтіп алмаған көрінеді. Бірақ туризм және спорт министрлігі оның сөздерін жоққа шығарды. Ведомсво блогерді арнайы шақырмаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бір күн бұрын америкалық танымал тревел-блогер әлеуметтік желідегі Camperghini парақшасында Қазақстан шекарасында түсірілген бейнежазба жариялады. Lamborghini Urus көлігін автоүйге айналдырып, әлемді шарлап жүрген саяхатшы «ресми шақырту алсам да, мені ешкім қарсы алмады» деді.
«Елге ресми түрде шақырылғаныңды елестетіп көрші. Бірнеше апта, тіпті айлар бойы жоспарларды талқылап, барлық детальдарды келісесің. Ал сен келген күні туризм министрлігі бәрін «ұмытып кетеді» деп жазды блогер.
Ол өзін Қырғызстандағыдай — ұлттық киімдегі адамдармен, шекарада арнайы ұйымдастырылған іс-шарамен күтіп алады деп ойлаған.
Алайда оларды ешкім қарсы алмаған.
«Тіпті не үшін елге кіріп жатқанымызды сұрап, тексерді», — деді ол.
Ал туризм және спорт министрлігі тревел-блогердің бұл мәлімдемесіне ресми жауап берді.
«Ведомство қызметінде жекелеген жеке тұлғаларды шақыру қарастырылмаған. Ресми түрде жеке өтініштер түскен жағдайда министрлік жан-жақты қолдау көрсетеді. Алайда аталған блогерден министрлікке ешқандай өтініш келіп түспеген», деп хабарлады ведомстводағылар.
Министрлік мәліметінше, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы атынан блогермен жеке хат алмасу болған екен. Компания мәліметі бойынша, екіжақты келіссөздер нақты келісімге жетпей аяқталыпты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық