Ең көп жалақыны кім алады? Министрлік табысы жоғары мамандарды атады
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі электрондық еңбек биржасындағы ахуалды жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Наурызда электрондық еңбек биржасында 102,6 мың бос жұмыс орны жарияланды. Сол кезеңде жұмыс іздеушілер 107,1 мың түйіндеме орналастырған. Формалды түрде түйіндеме әлі де көп. Бірақ арадағы айырма енді бұрынғыдай емес — шамамен 4,5 мың ғана. Салыстыру үшін айтсақ, қаңтарда бұл алшақтық 60 мыңға жуық болған, ақпанда 26 мыңға дейін түскен.
Жыл басынан бері Enbek.kz-те 304,3 мың вакансия және 394,4 мың түйіндеме жарияланған. Наурыздың өзінде бос жұмыс орындарының саны ақпанмен салыстырғанда 3,7%-ға өскен. Ал түйіндеме саны 14,3%-ға қысқарған.
Ең үлкен сұраныс дәстүрлі түрде әлеуметтік маңызы бар салаларда сақталып отыр.
- Білім беру саласында 22,6 мың бос жұмыс орны тіркелген.
- Өзге де қызметтер көрсету бағыты, мұнда 21,2 мың вакансия.
- Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында 8,7 мың бос жұмыс орны
- Ал ауыл, орман және балық шаруашылығы бағытында 7,9 мың қызметкер қажет.
Өңірлерге қарасақ, ең көп вакансия Түркістан облысында жарияланған — 7,7 мың. Қарағанды облысында 7,6 мың бос жұмыс орны бар. Астанада және Павлодар облысында көрсеткіш бірдей — 7,2 мыңнан. Атырау облысында 6,5 мың вакансия тіркелген.
Жас ерекшелігі бойынша еңбек нарығында жастар басым. Түйіндеме жариялағандардың 42%-ы — 35 жасқа дейінгі азаматтар. 35–44 жас аралығындағы үміткерлер 26%-ды құраса, 45–54 жас аралығындағылардың үлесі 20%. Ал 55 жастан асқан жұмыс іздеушілер 12% ғана. Гендерлік тұрғыда әйелдер белсендірек: түйіндеменің 54%-ын әйелдер, 46%-ын ерлер жариялаған.
Бірақ еңбек нарығындағы ең қызық көрініс жалақы бөлігінде байқалды. Жұмыс берушілер ұсынған ең жоғары айлықтар миллионнан асқан. Ең қомақты ұсыныс заң жұмысы жөніндегі бөлім басшысының орынбасарына берілген — шамамен 1,4 млн теңге. Бағдарламалық қамтамасыз ету архитекторы қызметіне шамамен 1,38 млн теңге ұсынылған. Ал өндіруші өнеркәсіптегі өндіріс басшысына 1,14 млн теңге төлеуге дайын болған.
Түйіндемелерде ең үлкен жалақы күткендер — HR бизнес-серіктестері, олар шамамен 4,2 млн теңге сұраған. Ал бұрғылау ұңғымаларында жүргізілетін арнаулы геофизикалық зерттеулер кешені 3 млн теңгеге жуық айлық көрсеткен. Өнеркәсіп саласындағы зертхана басшылары 2,5 млн теңге көлемінде жалақы күтетінін жазған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық