Трапмқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты

cover Бейнеден скриншот

Кеше кешкісін Трамптың қатысуымен өткен Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында оқ атылған болатын. Атқыш дереу ұсталып, қамалған болатын, бүгін  шабуыл жасаған адамның «айдың үздік мұғалімі» екені нықталып отыр, деп хабарлайды  Orda.kz.      

Вашингтонда өткен Ақ үй тілшілері  қауымдастығының кешкі асында 31 жастағы Коул Аллен мылтық пен тапаншадан оқ атты. Шабуыл жасаушы Washington Hilton қонақүйінің залына кіреберісте ұсталды. Құпия қызметтің бір қызметкері жарақат алды, оны оқ өтпейтін жилет құтқарып қалған.

Аты шыққан атқыш туралы жаңа ақпарат белгілі болды.

Америкалық, 31 жастағы Коул Аллен,  Калтех түлегі, репетитор және бейнеойын әзірлеушісі. 2024 жылдың желтоқсанында білім беру орталығында «айдың үздік мұғалімі» атағын алған.

Аллен Ақ үй әкімшілігінің мүшелерін өлтіруді жоспарлағанын мәлімдеген. Бұған дейін ол Камала Харристің сайлау науқанына қаржы аударған.

Ол қолына  мылтық, тапанша және бірнеше пышақ ұстап келген.  

Бүгін Дональд Трамп бұл оқиғаға пікір білдіріп, шабуылды сыртқы саясаттағы қақтығыстармен байланыстырмайтынын айтқан болатын.

Алленнің соты 27 сәуірге белгіленген, оған суық қарумен офицерге шабуыл жасады және зорлық-зомбылық қылмысын жасады деген  айыптар тағылуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: 



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар