Грузияда есірткімен ұсталған 18 жастағы қазақстандық өмір бойына сотталуы мүмкін
Фото: Көрнекілік үшін
Грузияның Имеретия аймағында есірткіні заңсыз сатып алды, сақтады әрі аса ірі көлемде саудалады деген күдікпен Қазақстан және Украина азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Күдіктілердің екеуі де 2008 жылы туған жігіт пен бойжеткен. Олар әртүрлі уақытта әр жерде ұсталған.
Тергеу олардың аса ірі көлемдегі метадонды заңсыз сақтап, сатуға қатысы бар екенін тексеру барысында анықтаған.
Есірткі заттары күдіктілердің уақытша тұрып жатқан жерін тінту кезінде табылып, тәркіленді. Сонымен қатар тергеп-тексеру жұмысы барысында күдіктілер метадонды өткізу үшін дайындаған жасырын орындарды өздері көрсетіп берген.
Оларға Грузия Қылмыстық кодексінің 260 бабының 4 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл бап 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Әзірге ешқандай нақты шешім шығарылған жоқ.
Оқи отырыңыз:
- Қостанай облысында әйел TikTok пен Instagram-да есірткі дүкенін жарнамалаған
- Елімізде есірткімен айналысатын 15 ҰҚТ жойылды
- Қылмыстық кодекстегі есірткі заттарын саудалауға қарсы қолданылатын жаза солқылдақ
- Оңай табыс іздеген жастарымыз есірткі таратушыға айналып барады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық