Көпбалалы әке 11,5 млн теңгені жаңа танысының қолына ұстата салып, алданған
Фото: Ашық дереккөзден
Ақмола облысында «байланыстары мықты» алаяқ отбасын қомақты қарызға батырды. Ақмола облысындағы көпбалалы отбасы тиімді бизнес ұсынып, лицензия рәсімдеуге көмектесемін деген бейтаныс адамға сеніп, 11,5 млн теңгеден астам қаржысын қолына ұстата салған, деп хабарлайды Orda.kz.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдіктіні полиция іздестіріп жатыр.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға кездейсоқ таныстықтан басталған. Ер адам өзін ықпалды байланыстары бар адам ретінде таныстырып, қысқа уақытта отбасының сеніміне кіріп, бизнес ашуға көмектесуге уәде берген.
Ол көліктерді төмен бағамен сатып алып, пайдамен қайта сату арқылы табыс тауып жүргенін айтқан. Кейін олар байланыс деректерімен алмасып, күдікті өз қызметіне сыйақы сұраған.
«Қаражат айтарлықтай болғанымен, өтініш беруші жаңа танысының «ықпалына» сеніп, бұған мән бермеген. Біраз уақыттан соң алаяқ лицензия рәсімдеу үшін шұғыл түрде ақша қажет екенін айтып, сондай-ақ көліктерді тиімді сатып алуға инвестиция салуды ұсынған. Жәбірленуші жұбайымен бірге несие рәсімдеп, барлық жинақтарын қосып, барлығы 11 млн теңгеден астам қаржыны берген», деп хабарлады Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жеті ай бойы күдікті түрлі сылтаулар айтып, жоба бойынша жұмыс жүріп жатқандай әсер беріп жүре берген.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстау үшін қажетті шараларды жүргізіп жатқандарын мәлімдеді.
Оқи отырыңыз:
- Еш жерде жұмыс істемей, жұртты бопсалап, уыс-уыс ақша шашып жүргендер сотталды
- Бекіре балығы мен уылдырығын сатып алғандар да жазаланады
- Танысын балталап өлтіріп, мәйітін кереуеттің астына тығып қойған әйелге үкім шықты
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық