Трамп «соғыс ойынына» тоймай жатқанда АҚШ-та билікті ауыстыруға дайындық басталды
Фото: Ашық дереккөзден
Дональд Трамп Иранға қатысты жаңа қоқан-лоққыларын жалғастырып жатқанда оның серіктері өзге де мәселелерге алаңдаулы. Алты айдан кейін Конгрестің аралық сайлауы өтеді. Бұған дейін республикалықтар билікті сақтап қаламыз деп сенген болса, қазір олардың жеңіске жету мүмкіндігі айтарлықтай азайды, деп хабарлайды Orda.kz.
Соңғы әлеуметтік сауалнамаларға сәйкес, америкалықтардың жартысы қарашада Демократиялық партия кандидаттарын қолдамақ. Республикалықтарға 40% ғана қолдау бар, қалғандары әлі шешім қабылдамаған. Республикалық партия өз ішінде де барған сайын бөлшектеніп барады.
MAGA (Make America Great Again) ұранын ұстанатын трампшылдар мен партияның «ескі гвардиясы» арасындағы жік іс жүзінде Трамптың алғашқы президенттік мерзімінен бері бар. Қазір бұл қайшылық күшейе түсті. Әдеттегідей, экономика мәселесі басты рөл атқарады.
«Жалақы, салық, баға – бәрі маңызды. Бензин бағасының қымбаттауына республикалықтардан басқа кінәлі жоқ, мұны олардың сайлаушылары да мойындайды. Өйткені дәл қазір билік толығымен солардың қолында», – дейді Рик Эндрюс.
Сарапшылардың айтуынша, өткен жылдың соңына дейін сыртқы саясат америкалықтар үшін негізгі тақырыптардың бірі болмаған. Алайда Трамп пен оның жақтастарының белсенді әрекеті қоғам назарын өзгертті.
«Бензин бағасы Ирандағы соғысқа байланысты өсіп жатыр. Бұл соғыс бізге керек пе еді? Қазір сыртқы оқиғалар бұрынғыдан әлдеқайда көп талқыланады, қаза тапқан отандастарымыздан бастап, бағаның өсуіне дейін. Барлығы үшін айта алмаймын, бірақ жеке өзім бұл жағдайдың жалғасуын қалайтын адамды кездестірмедім. Мұның бізге түк пайдасы жоқ»– дейді Росс Ма.
Сыртқы саясатта ықпалы шектеулі болғандықтан, демократтар бұл бағытта аса белсенді емес. Бірақ осы арқылы олар саяси ұпай жинап отыр.
Өткен аптада президенттің Конгрестің рұқсатынсыз әскери әрекет жүргізуіне берілетін 60 күндік мерзім аяқталды. Көптеген республикалықтар бұл заңды конституцияға қайшы деп санайтын Трампты қолдағанымен, кейбірі демократтармен бірге есеп беруді талап етті.
Сенатқа ұсынылған кезекті қарар тағы да өтпеді, бірақ бұрынғыдан көбірек дауыс жинады, әсіресе республикалықтардың есебінен. «Ұлы ескі партияда» (республикалықтардың бейресми атауы) саяси тірі қалу үшін риториканы өзгерту қажет екенін түсіне бастағаны байқалады.
Колорадо штатынан сайланған республикалық Лорен Боберттің сөзі кең қолдау тапты. Ол Ирандағы операцияға жаңа қаржы бөлуді үзілді-кесілді қолдаудан бас тартып, партияластарын да соған шақырды.
«Біздің адал еңбегімізбен тапқан салықтарымыздың бәрін әскери-өнеркәсіп кешені алып қоятыны жалықтырды. Соған байланысты менің штатымдағы адамдар лайықты өмір сүре алмай отыр», – деді Боберт.
Оның сөзін мысалға келтіріп:
«Бұл сөздер әлеуметтік желілерде тез тарады, тіпті Колорадо штатынан тыс адамдар да бөлісті. Адамдар өз өмірінің қашан және қалай жақсаратынын естігісі келеді. Соңғы жылдары салықтарымыздың қайда кетіп жатқанын түсінбей, бәріміз шаршадық», – дейді Росс Ма.
Дегенмен, партияның бағыты толық өзгереді деуге әлі ерте.
«Меніңше, олар Ирандағы жағдайдың аяқталуын және рейтингтердің қайта өсуін күтіп отыр», – дейді Рик Эндрюс.
Оның айтуынша, демократтардың сауалнамалардағы қазіргі басымдығы – қарсыластардың әлсіздігінің нәтижесі. Егер тек соған сеніп, әрекетсіз отырса, қарашадағы сайлауда жеңіліп қалу қаупі бар.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев жаңа қызметтегі Нұрлыбек Нәлібаевқа отандық тауар өндірушілерді қолдауды тапсырды
- Трамп Иранның ядролық материалдарын тәркілеуге уәде берді
- Хантавирус ошағына айналған лайнердегі жолаушылар өз елдеріне тарады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық