Трамп Иранның ядролық материалдарын тәркілеуге уәде берді
Фото: Шетелдік басылымдардан
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның қалған ядролық материалдарын тәркілеуге уәде беріп, Тегеранға Вашингтон ирандық нысандарды ғарыштан мұқият бақылап отырғанын ескертті, деп хабарлайды Orda.kz New York Post басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, бұл туралы Трамп 10 мамырда Full Measure жаңалықтар бағдарламасында жарияланған сұхбатында айтқан.
Ақ үй басшысы Иранның байытылған уранына бақылау орнату Тегеранмен қарым-қатынастағы басты басымдықтардың бірі болып қала беретінін мәлімдеді.
«Біз оны бір күні аламыз. Біз оны бақылап отырмыз. Білесіздер ме, мен АҚШ-тың Ғарыш күштерін құрдым, олар бақылап отыр. Егер біреу ол жерге кірсе, олар оның аты-жөнін, мекенжайын, рұқсат нөмірін айтып бере алады. Біз мұны өте мұқият бақылап отырмыз. Егер біреу бұл орынға жақындаса, біз оны бірден біліп, жоямыз», – деді Трамп АҚШ мүмкіндіктері туралы айтып.
Газет сондай-ақ Иранмен соғыс кезінде Трамп Тегеранның ядролық материалдарын тәркілеу үшін құрлық әскерлерінің қатысуымен аса қауіпті операцияны мақұлдау мүмкіндігін қарастырғанын еске салды. Алайда әзірге мұндай операцияға түпкілікті рұқсат берілмеген.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық