Енді ұшақ бортында домбыра тасымалдауға болады
Фото: gov.kz
Әуе көлігінде музыкалық аспаптарды тасымалдау тәртібі өзгереді, енді домбыра мен қобызға арнайы норма бекітілмек, деп хабарлайды Orda.kz.
Тиісті түзетулерді Көлік министрлігі әзірлеп жатыр.
Жобаға сәйкес, азаматтардың өтініштері ескеріле отырып, алғаш рет нормативтік деңгейде музыкалық аспаптарды, соның ішінде домбыра мен қобызды, әуе кемесінің салонында қол жүгi ретінде тасымалдау құқығы бекітіледі.
Жаңа талап бойынша:
- музыкалық аспап футлярда болуы тиіс;
- өлшемі 110×35×30 см-ден аспауы керек;
- салмағы 10 келіден артық болмауы қажет.
Егер жолаушы тек бір музыкалық аспапты алып жүрсе, ол қосымша ақысыз қол жүгi ретінде тасымалданады. Ал аспап қол жүгінің қосымша бірлігі ретінде есептелген жағдайда немесе белгіленген нормадан асса, әуе компанияларының қолданыстағы тарифтеріне сәйкес ақы алынуы мүмкін.
Министрлік бұл өзгерістердің мақсаты жолаушылар құқықтарын қорғау және әуе тасымалы саласындағы ережелерді нақтылау екенін атап өтті.
Түзетулерді қабылдау мерзімі — 2026 жылдың мамыр айының соңына дейін жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасы көлік министрлігі «Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.Жоба аясында азаматтардың көптеген өтініштері негізінде, алғаш рет нормативтік деңгейде жолаушылардың музыкалық аспаптарды (оның ішінде домбыра мен қобызды) футлярда әуе кемесінің салонында қол жүгi ретінде тасымалдау құқығы бекітіледі. Бұл ретте олардың өлшемдері 110×35×30 см-ден, ал салмағы 10 кг-нан аспауы тиіс.
Аталған түзетулерге сәйкес, егер жолаушы тек бір музыкалық аспапты, мысалы домбыраны, алып жүрсе, оны тасымалдау қол жүгі ретінде тегін жүзеге асырылады. Ал музыкалық аспап қол жүгінің қосымша бөлігі ретінде тасымалданған жағдайда, белгіленген нормадан асатын жүк үшін әуе компаниялардың қолданыстағы қағидаларына сәйкес ақы алынады.
Бұл түзетулерді қабылдау жолаушылардың құқықтарын қорғау деңгейін арттыруға және әуе көлігінде музыкалық аспаптарды тасымалдауды реттеуді жетілдіруге бағытталған.
Түзетулерді қабылдаудың болжамды мерзімі – 2026 жылғы мамыр айының соңына дейін. Еске салсақ, Ұлттық домбыра күні - 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі қазақтың төл аспабының күні ретінде тойланып келеді.
Оқи отырыңыз:
- Қазақ мәдениетінің символы - Ұлттық домбыра күні
- Желіде домбыраны «харам» деген ер адамға қылмыстық іс қозғалды
- Президент: Ұлтымыздың рухын көтеретін — домбыра!
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық