Трамп Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға
Фото: Ашық дереккөзден
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Ливитт бұл Дональд Трампқа соңғы екі жылдағы үшінші ірі қастандық әрекеті екенін атап өтті. Оның айтуынша, тарихта бірде-бір президент өз өміріне мұншалықты көп әрі ауыр қастандық әрекеттеріне тап болмаған, деп хабарлайды Orda.kz.
«Соңғы жылдары Дональд Трамптан артық ешкім мұндай көп қауіп пен зорлық-зомбылыққа ұшыраған жоқ. Бұл саяси зорлық-зомбылық, Демократиялық партияның сайланған өкілдері және тіпті кейбір БАҚ өкілдері тарапынан оның және оның жақтастарының жүйелі түрде жамандалуының салдары» ,— деді Каролин Ливитт
Сонымен қатар Каролин Ливитт осы аптада Ақ үй аппаратының басшысы Сьюзи Уайлс президент қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес өткізетінін растады.
«Ақ үй әрдайым күрделі сұрақ қойып, президенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Менің түсінуімше, осы аптаның басында Ақ үй аппаратының басшысы Сьюзи Уайлс АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігінің жоғары басшылығымен, АҚШ Құпия қызметі өкілдерімен және біздің жедел топпен кездесу өткізеді. Бұл алдағы уақытта жоспарланған ірі іс-шаралар аясында президенттің қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қажет», — деді Ливитт.
АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон Дональд Трампке «қосымша қорғау» қажет екенін айтты, себебі ол Америка тарихындағы ең көп шабуылға ұшыраған саяси тұлға.
«Қараңыздаршы, бұл президентке қарсы үш рет сәтсіз қастандық жасалды. Мен екі оқиға кезінде оның жанында болдым. Бұл жалғаса беруге тиіс емнс», — деді Джонсон.
Ол Дональд Трамп АҚШ тарихындағы ең көп жала жабылған және шабуылға ұшыраған саяси тұлға екенін атап өтті. Спикер президенттің төзімділігін жоғары бағалап, бірақ оған «қосымша қорғау» қажет екенін айтты.
Джонсон сондай-ақ Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешіндегі оқиғадан кейін Трамп қатысатын ірі қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруды өте мұқият қайта қарау қажет деп санайды.
«Өкілдер палатасы өз жұмысын атқарып жатыр. Қадағалау комитетінің төрағасы Джеймс Комер тексеріс пен АҚШ Құпия қызметімен тыңдау өткізетінімізді жариялады. Біз өз тарапымыздан не істей алатынымызды анықтаймыз. Егер бұл қаржыландыруға немесе басқа мәселелерге қатысты болса — бізге хабарлаңыздар», — деп қосты ол.
Еске салсақ, сенбі күні Трамптың қатысуымен өткен Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болған еді. АҚШ президенті Дональд Трамп өзі қатысқан салтанатты кеште оқ атқан адамның негізгі нысанасы өзі болуы мүмкін екенін жоққа шығармады.
Көптеген қонақтар іс-шара өткен банкет залында үстелдердің астына тығылған. Одан кейін адамдар эвакуацияланды.
Оқи отырыңыз:
- «Мені көздеген болуы мүмкін» — Трамп өзі қатысқан іс-шарадағы атыс туралы мәлімдеме жасады
- Трамп қатысқан Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында атыс болды
- Трампқа оқ атқан «үздік мұғалім» болып шықты
- Трампқа қастандық жасамақ болған ұстаздың манифесі жарияланды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық