Трамп: АҚШ пен Иран келіссөздерді бүгін қайта бастайды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздер бүгін қайта жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, бұған дейін жоспарланған «ауқымды шабуыл» соңғы сәтте тоқтатылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Air Force One ұшағында журналистерге сөйлеген Трамп шабуылды тоқтатуды АҚШ-тың одақтастары — Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Катар және Иранның өзі сұрағанын айтты.
«Біз шабуыл жасауға толық дайын болдық. Бірақ одақтастарымыз бәрін тоқтатуды өтінген соң, «келісімге мүмкіндік бар ма, көрейік» деп шештік», — деді Трамп.
Оның сөзінше, алдымен Ормуз бұғазы бойынша келісім, кейін Иранның ядролық бағдарламасы, яғни елді ядролық қарудан толық бас тартуға бағытталған келісім жасалуы мүмкін.
Сонымен қатар Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, аймақтағы соғысты ушықтырмауға шақырған. CNN дереккөздерінің мәліметінше, бұл әңгімеде ханзада АҚШ-тың Иранға соққы беру жоспарына алаңдаушылық білдірген.
Ал Трамп ықтимал соққылардың Иранның энергетикалық инфрақұрылымына бағытталған-болмағаны туралы сұраққа жауап беруден бас тартты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық