Иран СІМ: Соғыс пен бейбітшілік уақытын АҚШ белгілемейді
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Трампқа жауап ретінде Тегеран соғыс пен бейбітшілік уақытын АҚШ-қа басқартып қоюға жол бермейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz Euronews-ке сілтеп.
Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Эсмаил Багаи Тегеран АҚШ-тың соғысты қашан бастау және бейбітшілікті қашан жариялау мәселесін шешуіне жол бермейтінін айтты.
«Біз АҚШ-тың соғыс пен бейбітшілік уақытын анықтауына мүмкіндік бермейміз», – деді Багаи апта сайынғы болатын брифингте.
Оның сөзінше, болашақ келіссөздерге қатысты кез келген шешім тек Иранның ұлттық мүдделеріне негізделеді. Сондай-ақ Тегеран «қажет болғанша» өзін қорғауды жалғастырады.
Австриялық ORF телеарнасына берген сұхбатында Багаи Тегеран мен Вашингтонның хабар алмасуды жалғастырып жатқанын растады. Алайда ол АҚШ әскери әрекеттері мазмұнды келіссөздер жүргізу мүмкіндігін бұзғанын айтып, қазіргі басты басымдық Иранның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау екенін атап өтті.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп журналистерге Иран «делдалдар арқылы да, тікелей де» келіссөздер сұрағанын мәлімдеген еді. Оның айтуынша, Тегеран әскери қысымның әсерінен диалогқа дайын.
«Біз Иранмен терең келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Егер олар сәтсіз аяқталса, кең ауқымды әскери операцияға қайта ораламыз», – деді Ақ үй басшысы.
Трамп делдалдардың дипломатияға тағы бір мүмкіндік беру туралы өтінішіне оң жауап бергенін, бірақ келіссөздердің шексіз созылуына жол бермейтінін айтты.
1 тамыз, сенбі күні Трамп Иранмен бейбіт келісімге келу мүмкіндігіне байланысты жоспарланған ірі әскери соққыны тоқтатқанын мәлімдеді. Оның сөзінше, келісім Ормуз бұғазын толық әрі дереу ашуды, сондай-ақ Иранның ядролық бағдарламадан бас тартуын қамтуы мүмкін. Алайда дипломатиялық әрекеттер қайта жанданғанымен, Ормуз бұғазы төңірегіндегі дағдарыс әлі шешілмеген.
Багаи Ормуз бұғазын басқару мәселесі бойынша Оманмен келіссөздер жалғасып жатқанын айтты. Оның айтуынша, бұл келіссөздер тек екіжақты сипатта өтіп жатыр және бұның АҚШ-қа еш қатысы жоқ.
Иран мәжілісі төрағасының орынбасары Хаджи Бабаи бұғазға қатысты Оманмен жасалатын кез келген келісім Иранның егемендігіне қайшы келмеуі тиіс екенін мәлімдеді. Сондай-ақ ол бұл мәселені талқылауға Вашингтон қатыспауы керек екенін атап өтті.
Оның айтуынша, Иран Ормуз бұғазы бойынша өз ұстанымынан бас тартпайды, ал бұл мәселеге қатысты түпкілікті шешімді ел басшылығы мен халқы қабылдайды. Иран бұғазға қатысты «егемен құқықтарға» ие екенін айтып, кемелердің өту бағыттарын өзі анықтауға құқылы екенін мәлімдейді.
Ал АҚШ, Парсы шығанағы елдері және халықаралық қауымдастықтың басым бөлігі бұл талаптарды БҰҰ-ның Теңіз құқығы туралы конвенциясына сілтеме жасап мойындамайды. Тегеран бұл құжатқа қол қойғанымен, оны ратификацияламаған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық