Трамп: АҚШ Ирандағы әскери операцияларды тоқтату мәселесін талқылап жатыр
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтонның Ирандағы әскери операцияларды аяқтау мәселесі бойынша «жаңа әрі анағұрлым ымырашыл билікпен» маңызды келіссөздер жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Оның айтуынша, келіссөздер барысында айтарлықтай ілгерілеу байқалған. Сонымен қатар Трамп егер жақын арада келісімге қол жеткізілмесе және Ормуз бұғазы дереу халықаралық сауда үшін ашылмаса, АҚШ Ирандағы бірқатар стратегиялық нысандарға соққы беруі мүмкін екенін ескертті.
Атап айтқанда, ол электр энергиясын өндіретін станциялар, мұнай ұңғымалары, сондай-ақ Харг аралы нысанаға алынуы ықтимал екенін айтты. Бұдан бөлек, тұщыландыру зауыттарына да шабуыл жасалуы мүмкін екенін меңзеді.
«Бұл Иранның ескі режимінің 47 жылдық «террор билігі» кезінде біздің көптеген сарбаздарымыз бен өзге де азаматтарымызды қырып-жоюына жауап ретінде жасалады. Назар аударғандарыңызға рақмет» деп жазды Трамп.
Еске сала кетейік, алдыңғы аптада Пәкістан Ауғанстанға қарсы соғысты қайта бастады. Екі ел арасындағы соғыс қысқа уақытқа үзіліс алып, екі ел арасындағы дау қайта ушықты. Жалпы Таяу Шығыстағы екінші соғыстың тарихы неден басталды және бүгінге дейін не белгілі? Orda.kz Иран мен Израиль арасындағы даудың көлеңкесінде қалып кеткен соғыс туралы ақпарат ұсынады.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық