Ормуз бұғазындағы қиындық: Жапония Қазақстан мен Әзербайжаннан мұнай импорттайды
Фото: Шетелдік БАҚ-тардан
Жапония Ормуз бұғазындағы тәуекелдерге байланысты Қазақстан мен Әзербайжаннан мұнай импорттауды қарастырып жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Жапония Ормуз бұғазы арқылы жеткізілімдерге Қиыр Шығыстағы шиеленіскен жағдайға қатысты тәуекелдер аясында Орталық Азия мен басқа өңірлерден мұнай импортын арттыру мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл туралы Nikkei Asia басылымы мәлімдеді.
Басылымның мәліметінше, жапон билігі мен мұнай өндіруші компаниялар шикізат пен мұнайды Қазақстан мен Әзербайжаннан сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Әңгіме жапондық INPEX компаниясы қатысатын жобалар арқылы жеткізілетін мұнай туралы болып отыр.
Дегенмен тасымал кен орнының қай жер орналасқанына қарамастан Сауд Арабиясының батысындағы Қызыл теңіз арқылы өтіп, әрі қарай Жерорта теңізі арқылы немесе Африкадағы Үміт мүйісін айналып өтеді.
Сараптама бағалауына сәйкес, Қазақстаннан Жапонияға мұнай жеткізу 35-тен 55 күнге дейін, ал Әзербайжаннан 25-тен 50 күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл танкерлер шамамен 20 күнде жететін Ормуз бұғазы арқылы дәстүрлі бағытқа қарағанда екі еседен астам ұзақ жүреді.
Сонымен қатар, ел үкіметі Орталық Азия мен Оңтүстік Америкадан мұнай сатып алуды кеңейтуді, сондай-ақ АҚШ-тан импортты арттыруды қарастыруда. Nikkei деректеріне сүйенсек, 2025 жылы АҚШ Жапонияның шикі мұнай импортының шамамен 3,8%-ын қамтамасыз етіп, Таяу Шығыстан тыс ең ірі жеткізуші болған.
Жапония билігі Қазақстанды мұнай жеткізудің ықтимал балама көздерінің бірі ретінде қарастырады. Бұл туралы жақында елдің экономика, сауда және өнеркәсіп министрі Рёсэй Акадзава Жапония парламентінің жоғарғы палатасында өткен тыңдау барысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, Токио әлемдегі геосаяси жағдайда энергия ресурстарын жеткізуді әртараптандыруға ерекше көңіл бөледі. Атап айтқанда, Таяу Шығыстағы тұрақсыздық және жеткізу тізбегіндегі тәуекелдер Жапонияны жаңа бағыттарды іздеуге мәжбүрлейді.
Жапондық БАҚ-тың (Kyodo, Jiji Press) хабарлауынша, үкімет Ормуз бұғазы арқылы мұнай тасымалдауға төнетін қатерлер күшейген жағдайда баламалы жеткізушілерді қарауды жеделдетті. Бұл бағыт әлемдік мұнай логистикасының ең маңызды және осал нүктелерінің бірі болып саналады.
Қазіргі уақытта Жапония импорттайтын мұнайдың 90 пайыздан астамы Таяу Шығыс елдеріне тиесілі. Мұндай тәуелділік жағдайында өңірдегі кез келген шиеленіс ел экономикасына тікелей әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты Токио ұзақ мерзімді энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткізу бағыттарын кеңейтуге ұмтылады.
«Компаниялар қазір бұрын ынтымақтасқан мемлекеттермен байланысып, сауданы әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізуде. Бұл бағыттағы мiндеттердiң бiрi Қазақстанды қарауды қоса алғанда, мұнайдың баламалы көздерiн iздестiру болып табылады. Осы ел арқылы жеткізу көлемін ұлғайтуға болады», - деп атап өтті министр.
Бұл тұрғыда Қазақстан мұнай экспортының әлеуеті жоғары ел ретінде қарастырылады. Орталық Азиядағы ірі мұнай өндірушілердің бірі бола отырып, Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы маңызды ойыншылардың қатарына кіреді.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Мұнай дағдарысы: жаһан мұнай қыспағына ұшырамаудың жолын қарастырып жатыр
- Таяу Шығыстағы қақтығыс салдарынан «астық дағдарысы» болуы мүмкін
- Трамп соғыста «алдын ала жеңіп жатырмыз» деді. Алайда шығын шаш етектен
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық