Ресейдің Усть-Луга вахталық кентіндегі төбелесте 10 қазақстандық ұсталып, үшеуіне қатысты тергеу басталды
Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы Усть-Лугадағы вахталық кенттегі жағдайға қатысты түсіндірме жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы 28 наурызда Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы қызметкерлері Усть-Лугадағы вахталық кентте жұмыс істейтін ҚР азаматтарымен, оның ішінде тұрмыстық жанжал нәтижесінде ұсталған азаматтармен кездесу өткізді.
Аталған кентте шамамен 15 мың адам тұрады, олардың барлығы Ресейдің ірі экспорттық порттарының бірін салуға қатысатын түрлі мердігер ұйымдардың вахталық қызметкерлері.
Мәлім болғандай, бастапқыда тәртіпсіздіктерге бірнеше жүз адам қатысқан.
«Оқиғадан кейін әртүрлі елдердің 30-дан астам азаматы ұсталды. Алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ұсталғандардың басым бөлігі босатылды. Бірқатар тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан азаматтарына қатысты 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу туралы сот шешімдері қабылданды. Тағы үш ҚР азаматына қатысты тергеу жүргізілуде. Қазақстан азаматтары арасында зардап шеккен немесе медициналық көмекке мұқтаж тұлғалар жоқ. Барлық ҚР азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде», деп мәлімдеді Бас консулдық.
Сондай-ақ вахталық кенттің өзінде Қазақстанның құзырлы органдарының араласуымен компания қызметкерлері (қазақстандық жұмысшылар мен учаске бригадирлері), Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары, жұмыс беруші компания мен күзет агенттігі өкілдерінің қатысуымен кездесу өткен. Кездесу барысында төбелес пен тәртіпсіздікке қатысты жағдай сындарлы түрде талқыланып, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу шаралары қарастырылған.
Қазіргі уақытта вахталық кенттегі жағдай тұрақталған. Оқиғаға қатысқан екі тарапқа қатысты тергеу іс-шаралары жалғасуда, оның қорытындылары бойынша жанжалға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.
Бұған дейін Ресейде болған жаппай төбелестен соң үш қазақстандыққа қатысты тергеу басталғаны белгілі болды. Усть-Луга вахталық кентінде болған жанжалдан соң Қазақстанның бірнеше азаматы 10 тәулікке қамалды. Ал үшеуіне қатысты тергеу жүріп жатыр.
Қазақстан елшілігі жұмысшылармен және ұсталған азаматтармен кездесіп, жұмыс беруші, полиция және күзет қызметінің өкілдерімен келіссөздер жүргізген. Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Еске салсақ, 28 наурызда Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатқаны туралы ақпарат тарап, Қазақстан құқық қорғау органдарының араласуына тура келген еді.
Ресейдегі құрылыс алаңында болған жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ бірден мәлімдеді, ресми мәліметте ауыр жарақат алған адам жоқ екені айтылды.
Оқи отырыңыз:
- Ресейдің Усть-Луга портында төбелеске қатысы жоқ қазақстандық жұмысшыларды да күшпен ұстап жатыр
- Ресейдегі жаппай төбелеске қатысқан қазақстандықтардың жағдайы туралы СІМ мәлімдеді
- Ресейде төбелескен қазақстандықтар жазалана ма?
Жаңалықтар
- Қайын жұртын қырып салған күйеу балаға жаңадан айыптар қосылды
- Путин мен Тоқаев стратегиялық серіктестікті талқылады
- Данай Шайықов әлемдегі ең мықты кәсіби хоккей лигасының мүшесі болды
- Ерлан Қарин Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды
- «16 жасында елді дүр сілкіндірген ақын»: Мұхтар Шахановтың өмірі мен ұстанымы
- Құрылтай — жаңа формат: Президент Құрылтай сайлауы мен оның маңызына тоқталды
- Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы жұп белгілі болды
- Тарихи өзгеріс: Қос палатаның соңғы отырысы
- Талғарда сегіз үйді өрт жалмап кетті
- 2026 жылғы 1 шілдеде бірден алты лауазымды тұлға тағайындалады
- «75 ісі»: Қамшыбек Тәшиевке тоғыз жыл түрме жазасы сұралды
- Мүфтият мәһрдің ең төменгі мөлшерін түсіндірді
- Елдегі жанармай талан-таражға түспейді: Ресеймен шекарада бақылау күшейтілді
- Түркістан облысында жол апатынан бір отбасының бес баласы қаза болды
- ӘЧ-2026: Роналду, Месси және Мбаппе — Forbes тізіміндегі бестіктің табысы қанша?
- Астанада полиция туралы ролик түсіріп, жариялаған блогер жазаланды
- Әкімшілік амнистия: 300 миллион теңгеге жуық айыппұл кешіріледі
- АҚШ елшілігі: Сұхбат қазақ тілінде өтіп, 10 жылдық виза беріледі
- Паттайяда туристің шабаданынан 17 жастағы қыздың мәйіті табылды
- Алтын іздегендер жер қопаруды қояр емес – ҚМА ауқымды арнайы операцияны көрсетті