Құрылтай депутаттарына куәлік пен төсбелгі табысталды
Фото: ОСК
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайдың 145 депутатын тіркеді. 27 тамыздан бастап олардың депутаттық өкілеттігі ресми түрде басталды. Бұл туралы ОСК-ның XVI отырысында мәлім болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға сәйкес, депутаттың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен бастап басталатынын еске салды.
«Сіздердің өкілеттіктеріңіз Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталды. Енді сіздер – елдегі заң шығару билігін жүзеге асыратын жоғары өкілді орган – Қазақстан Республикасының Құрылтай депутаттарысыздар. Құрылтай депутаттары төте сайлау құқығы негізінде сайланды. Сайлау науқанының барлық кезеңі заңнама талаптарына қатаң сәйкес ұйымдастырылды. Депутаттық мандат – халықтың сенімі мен таңдауының нәтижесі. Ал Құрылтай депутаты мәртебесі әрқайсыңызға ел мен халық алдында үлкен жауапкершілік жүктейді»,— деді Нұрлан Әбдіров.
Отырыста жаңадан сайланған депутаттарға олардың депутаттық қызметін растайтын куәліктері мен арнайы төсбелгілері табысталды.
Еске салсақ, Қазақстанның саяси партиялары жаңа Парламент – Құрылтайдағы депутаттық мандаттарға ие болған кандидаттардың тізімін жариялады. Тиісті шешімдер партиялардың басқарушы органдарының отырыстарында қабылданды
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық