Тоқаев: Моңғолиямен ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениет ұрпағымыз
Фото: Ақорда
Ақордада Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсухты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Астанадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында Моңғолия көшбасшынын Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Көшербаев, сондай-ақ Моңғолияның Қазақстандағы елшісі Батжаргал қарсы алды.
Ақордада екі елдің басшылары бір-біріне делегация мүшелерін таныстырған соң Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.
«Сапар аясында екі ел басшылары жеке кездесу өткізеді, ресми келіссөздер жүргізіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне мәлімдеме жасайды. Сапар барысында тараптар екі елдің құқықтық негіздерін нығайтуға елеулі үлес қосатын үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарға қол қояды» деп жазылған Моңғолия президенті баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөздер өткізді.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біздің бауырлас халықтарымызды ортақ тарих біріктіретін біртұтас тамырланған көшпелі өркениеттердің ұрпағы екенімізді айтып өтті.
«Қазақтар мен моңғолдар ғасырлар бойы жақын көрші болды. Халықтарымыздың өмір салты мен дәстүрлері ұқсас. Бүгінде біздің достығымыздың негізінде осы мәңгілік құндылықтар жатыр. Қазіргі таңда екі елдің ынтымақтастығы стратегиялық серіктестік рухында дамып келеді. Мемлекетаралық, парламентаралық және үкіметаралық байланыстар нығаюда. Құрметті Президент мырза, Сіздің жеке үлесіңіздің арқасында біздің қарым-қатынастарымыз жаңа деңгейге көтерілуде. Мен мұны жоғары бағалаймын. Сіздің тынымсыз еңбегіңіздің нәтижесінде Моңғолияда елеулі оң өзгерістер орын алуда. Өткен жылы ел экономикасы 6,8 пайызға өсті» ,— деді Тоқаев.
Қазақстан президенті Моңғолия президентінің басшылығымен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған маңызды бастамалар жүзеге асып, жетістікке жетіп жатқанын атап өтті.
«Бізге Моңғолияда Vision-2050 мемлекеттік даму кешенді жоспары іске асырылып жатқаны белгілі. Сонымен қатар, Сіз Хархорум атты жаңа қаланың құрылысын бастадыңыз. Осы бірегей жобаларды жүзеге асыруда табыс тілейміз. Сіздің көреген саясатыңыздың арқасында Моңғолияның халықаралық беделі айтарлықтай нығайды. Біз бауырлас еліңіздің барлық жетістіктеріне шын жүректен қуаныштымыз», – деді Қазақстан президенті.
Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Тоқаевқа көрікті Қазақстанға жиырма жылдан кейін мемлекеттік сапармен келу мүмкіндігіне ие болғанына өте қуанышты екенін жеткізді.
«Сіз де екі жыл бұрын, 2024 жылы, Моңғолияға мемлекеттік сапар жасап, моңғол-қазақ қарым-қатынастарын жаңа стратегиялық серіктестік деңгейіне көтердіңіз. Бұл оқиға, сөзсіз, екіжақты ынтымақтастық тарихына алтын әріптермен жазылады. Құрметті президент мырза, Сіздің көреген, дана әрі жоғары кәсіби басшылығыңызбен Қазақстанда экономика мен әлеуметтік-саяси салада айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Моңғол халқы Қазақстанның жетістіктерін жіті бақылап отыр. Сіздің 2024 жылғы сапарыңыз барысында біз оннан астам құжатқа қол қойдық. Осы жолғы мемлекеттік сапар аясында да бірқатар маңызды құжаттарға қол қоямыз, – деді Моңғолия басшысы.
Бұған дейін мемлекеттік сапар аясында Моңғолия президенті Өңірлік экологиялық саммитке қатысатыны хабарланған болатын.
Сонымен қатар Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Моңғолияның өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинняммен кездесу өткізді.
Келіссөздер энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту аясында өтіп, тараптар бірқатар негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын, соның ішінде қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін Моңғолия нарығына жеткізу мүмкіндігін талықлаған болатын.
Оқи отырыңыз:
- Моңғолия президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді
- Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
Жаңалықтар
- Алматыда тұрғын үй жертөлесінен жасырын есірткі плантациясы табылды
- ТЖМ: Оралда мешіт күмбезін жасап жатқан адам құлап кетті
- Өзара қолдау келісіміне 65 жыл: Си Цзиньпин араға жеті жыл салып Солтүстік Кореяға барады
- Көлік прокуратурасы: Қаруыңды тапсырып — тыныш ұйықта
- Тағы да жеке клиника: Астанада запастағы полковниктің ота алдында жүрегі тоқтап қалды
- Қызылорда облысында арықтан жас қыздың мәйіті табылды
- Алматыда сегіз жылға жуық тоқтап қалған Сайын көшесінің жалғасы ашылды
- АҚШ соққыларынан кейін Иран Кувейт пен Бахрейнге зымыран ұшырды
- Дүниежүзілік ит көрмесінде қазақтың тазысына қызығушылық артты
- Зеленский Путиннің өзінің ашық хатына берген жауабына қанағаттанбады
- Коллекторлық агенттік бүкіл қазақстандықтардың дерегін заңсыз сақтаған
- Ақтауда мүгедектігі бар 8 жастағы бала терезеден құлап мерт болды
- Дастан Сәтбаев «Қайрат» сапындағы соңғы матчтарын өткізіп, «Челсиге» ауысады
- «Қамшымен сабап, көсеумен ұрған»: Қарағандыда асыранды 6 баланы қорлаған ерлі-зайыпты сотталды
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 17%-ға дейін төмендетті
- Әл-Фарабидегі қайғылы апат: Күдіктіні құтқармақ болғандардың өзі сотталуы мүмкін
- «Тарлан – Астана»: LRT жүйесінің жаңа атауын мәслихат қолдады
- Қарасай ауданында «Мұғалімдерді мәжбүрлі еңбекке тартты» деген ақпарат расталмады
- Тоқаев бірқатар Конституциялық заңға қол қойды
- Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысы бар 1,3 млрд теңгелік актив «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды