Қазақстан мен Моңғолия геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технология енгізу туралы келісті
Фото: gov.kz
Қазақстанның энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Моңғолияның өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі Гонгорын Дамдинняммен кездесу өткізді. Келіссөздер энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту аясында өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Кездесу барысында тараптар бірқатар негізгі бағыттар бойынша өзара іс-қимылды кеңейту перспективаларын талқылады. Соның бірі — қазақстандық мұнай мен мұнай өнімдерін Моңғолия нарығына жеткізу мүмкіндігі.
Сондай-ақ келіссөзге қатысушылар геологиялық барлау, мұнай өндіру салаларына заманауи технологияларды енгізу бойыншаа тәжірибе алмасуды қарастырды. Аталған бағыттардағы ынтымақтастық екі елдің ресурстық базасын тиімді игеруге ықпал етуі мүмкін екені атап өтілді.
Министрлер көмір өнеркәсібі мен көмір химиясын дамыту мәселелеріне де ерекше назар аударды. Әңгіме көмірді терең өңдеуге байланысты жобалар туралы болды.Талқыланған бағыттар қатарында өңдеудің заманауи технологияларын енгізу, қосылған құны жоғары өнім шығару, көмір химиясы саласындағы бірлескен жобаларды дамыту бар.
Мұндай бастамалар өнеркәсіптік кооперацияны күшейтіп, экспорттық әлеуетті кеңейтуі мүмкін. Дәстүрлі энергетикадан бөлек, тараптар жаңартылатын энергия көздері тақырыбы да қозғалды.
Атап айтқанда, ЖЭК дамыту бойынша тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру, тұрақты энергетикалық шешімдер енгізу мүмкіндіктері талқыланды.
Келіссөз қорытындысы бойынша Қазақстан мен Моңғолия ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілігін растады. Сонымен қатар тараптар екіжақты байланыстарды нығайтуға, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, тұрақты энергетика секторын дамытуға дайын екенін білдірді.
Сарапшылардың пікірінше, энергетика саласындағы өзара іс-қимылды кеңейту екі елдің экономикалық әріптестігінің негізгі факторларының біріне айналуы мүмкін.
Оқи отырыңыз:
- Аида Балаева: Грант алу үшін ҰБТ-ны екінші рет тапсыру мүмкіндігі болмайды
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- Өскеменнің экс-әкімі Жақсылық Омар апелляциялық шағым түсірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық