Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы отандастарымызды Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқанына айтты.
«Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс» деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында.
Мемлекет басшысы алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қояды.
Қазақстанда 23 сәуір – Ұлттық кітап күні ретінде аталып өтеді. Бұл мереке мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қоғамда кітап оқу мәдениетін арттыру, білім мен руханиятты дәріптеу мақсатында бекітілген. Бұл мереке 2024 жылы Үкімет қаулысымен бекітіліп, Қазақстанның мерекелік күндер тізбесіне енді.
23 сәуір Ұлттық кітап күнімен бірге Кітапханашылар күні де атап өтіледі, бұл екі мерекенің маңызын біріктіреді. Бұл күнге орай еліміздің барлық өңірлерінде кітап апталықтары, көрмелер, «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасы сияқты ірі бастамалар ұйымдастырылады.
Оқи отырыңыз:
- Астанадағы саммитте маңызды құжаттарға қол қойылды
- «Арал теңізі – дұрыс жүргізілмеген саясат салдары» — Астанада өтіп жатқан экологиялық саммитте Тоқаев не айтты?
- Астанадағы самитте Арал өңірінің экологиясы мен климаттық-экологиялық мәселелер талқыланады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық