Тоқаев Бейбітшілік кеңесі инаугурациялық отырысында не айтты?
Вашингтон қаласындағы Дональд Трамп атындағы Бейбітшілік институтында Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Вашингтонда өткен инаугурациялық отырыста сөз сөйлеп, Бейбітшілік кеңесі туралы ойын білдірді.
«Бұл кездесуіміз батыл әрі прагматикалық әрекеттерді айқындайтын мәні бар кезеңге тұспа-тұс келіп отыр. Шын мәнінде, мәселе тек ізгі ниетке негізделген қарар қабылдап, шексіз конференция өткізуде емес, нақты әрі мақсатты қадамдар арқылы берік бейбітшілік орнатуда», – деді президентіміз.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының президенті Газа секторындағы жағдайға да тоқтала кетті.
«…Еліміз әлемдегі ірі бидай өндірушілердің бірі ретінде Газа мен одан тыс аумақтарда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында гуманитарлық көмек көрсетуге дайын. Қазақстан алдағы бес жыл ішінде палестиналық студенттерге еліміздің жоғары оқу орындарында білім алу үшін 500-ден астам білім грантын бөлуді жоспарлап отыр», – деді ол.
Қазақстан басшысының айтуынша, еліміз Тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күштерді қолдауға әзір. Осы мақсатта далалық госпиталі бар медициналық бөлімшелерді, сондай-ақ Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына бақылаушылар жіберуге дайын.
Мемлекет басшысының айтуынша, Таяу Шығыстағы орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін аймақта бейбітшілік пен ынтымақтастықты, өзара сенімді нығайтуды көздейтін жаңа тәсілдер қажет.
«Аталған ұстанымға арқа сүйей отырып, Қазақстан Ибраһим келісімдеріне қосылу жөнінде шешім қабылдады. Осылайша, біз аймақта және одан тысқары жерлерде прагматикалық экономикалық әрі гуманитарлық ынтымақтастыққа үлес қосамыз. Бұл Бейбітшілік кеңесінің ізгі мұратына толық сай келеді», – деді президент.
Кеңестің жаһандық күн тәртібін ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда түрлі деңгейдегі кездесулер өткізу арқылы бұл бастамаға нақты қолдау көрсетуге дайын екенін растады.
«Сонымен қатар Бейбітшілік кеңесі аясында президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынамын. Бұл – оның бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз болмақ. Сіздің тегеурінді әрі көреген басшылығыңызбен Кеңес өзінің тарихи ізгі миссиясын абыроймен атқаратынына сенімдімін» , – деді Тоқаев.
Дональд Трамп өз сөзінде Газадағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және қалпына келтіруге атсалысқаны үшін Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысушыларға шынайы ризашылығын білдірді. АҚШ президенті Кеңеске қатысушы елдердің басшыларын таныстыру барысында Қазақстанды керемет әрі бай ел ретінде сипаттады.
Дональд Трамп Саммитке келген мемлекеттер басшыларын шешімтал әрекеттері арқылы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға, халықаралық диалогты дамытуға елеулі үлес қосқан нағыз жаһандық ауқымдағы көшбасшылар деп атады.
Өз кезегінде Тоқаев Mars компаниясының бас атқарушы директоры Пол Вайраухты, Ashmore Group компаниясының бас директоры Марк Кумбсты, Boeing компаниясының атқарушы вице-президенті Джефф Шоккиді, U.S. International Development Finance корпорациясының (DFC) атқарушы директоры Бен Блэкті қабылдады.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Қазақстан халқын Рамазан айының басталуымен құттықтады
- Қазақстан Газаға қаржы бөліп, әскер жіберуге қатысады
- Тоқаев Вашингтонда отандастарымызбен кездесті
Жаңалықтар
- Күйген папирус алғаш рет толық оқылды: Антикалық кітапхана құпиясы ашылуда
- Ираннан келген итбалықтар Ақтауда қырылып жатыр ма?
- Үш күннен бері Астана қоқыс полигонындағы ірі өртті сөндіру мүмкін болмай отыр
- Астана маңында көлік карьерге батып, екі бала қаза тапты
- Бес жылдан кейін оралған Конор Макгрегордың жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
- ӘЧ-2026: FIFA финал өткен алаңды бөлшектеп, сатылымға шығарды
- Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Астана–Дубай рейсі кері қайтты
- Петропавлда есірткі тасымалдаушы полициядан қашамын деп дүкенді талқандады
- Иран Ормуз бұғазына шығатын жолды қайта бұғаттады
- Дархан Сатыбалды: Биыл 11 мыңнан астам мұқтаж азаматтың тұрғын үй жағдайы жақсарады
- Президент Райымбек ауданы тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
- Гонконг әуе компаниясы Қазақстанға рейс ашады
- Бишімбаев ісімен танылған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті
- 200 жер телімі алынады: Үлкен Алматы айналма жолына алты жолақты магистраль қосылады
- Қонақүйдегі жанжал: Қайрат Нұртас қыз зорлады деген ақпарат расталмады
- 15 жастағы қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионатында әлемдік рекорд орнатты
- ӘЧ-2026: Испания құрамасы Бельгияны жеңіп өз рекордын жаңартты
- Джеки Чан «Құдыретті сауыт: Ультиматум» фильмі түсірілімі алдында Қазақстандық банктің клиенті атанды
- BaiQymyz-2026: Астанадағы фестивальде қонақтарға 56 тонна қымыз құйылады
- «Мың зымыранды Иранға бағыттаймын»: Трамп ультиматум қойып, тағы қорқытты