Тоқаев Андрей Бабиштің чех кәсіпкерлері делегациясын әкелгеніне ризашылық білдірді
Фото: Ақорда
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Чех Республикасының премьер-министрі Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Андрей Бабишке ілтипат білдіріп, Қазақстан жұртшылығы оны Чех Республикасында ғана емес, Еуропаға белгілі саяси қайраткер ретінде жақсы білетінін жеткізді.
«Екі ел арасында бұрыннан тығыз әрі достық қарым-қатынас орнаған. Сауда-саттық табысты дамуда. Қос халықтың бір біріне құрметі зор. Ірі халықаралық құрылымдар шеңберінде бірлесе әрекет етіп келеміз. Бұл – өте маңызды. Елшіліктеріміз белсенді жұмыс істеп тұр. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Өзіңізбен бірге чех кәсіпкерлерінен құралған үлкен делегация алып келгеніңіз үшін алғыс айтамын. Кеше Астанада бизнес-форум өтті. Оның нәтижесі елдерімізге пайдалы болады деп ойлаймын. Өз тарапымнан сан қырлы ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға бар күшімді саламын» , – деді президент.
Андрей Бабиш қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, еліміздің түрлі салада жеткен жетістіктеріне жоғары баға берді.
«Қазақстан – Орталық Азиядағы аса маңызды мемлекет. Сондықтан осынау ғажап елге сапармен келу – мен үшін зор мәртебе. Жақында жаңа Конституция қабылдадыңыздар. Құтты болсын! Сіздердің бұл бағыттағы тәжірибелеріңіз бізге де пайдалы болады деп есептеймін. Қазақстанға келу көптен бергі арманым еді. Өйткені мен университетті аяқтағаннан кейін, яғни, 1978 жылы Шымкент және Жамбыл (Тараз) қалаларымен өзара байланыс орнатқан департаментте жұмыс істедім. Қазақстан – энергетика саласында аса үлкен орны бар ел, әлемдегі уран өндіретін ірі мемлекеттердің қатарына кіреді. Бүгінде атом электр станцияларының маңызы арта түсті. Сол себепті осы салада келісімге келгенімізге қуаныштымын. Қазақстанның жасанды интеллект бағытындағы жетістіктері таңқаларлық. Екі елге ортақ дүние көп. Чехия мен Қазақстан үкіметтері өзара ынтымақтастықты одан әрі ілгерілету үшін аянбай еңбек етеді деп ойлаймын», – деді ол.
Андрей Бабиш — чех мемлекеттік қайраткері, кәсіпкер және популистік «ANO 2011» партиясының жетекшісі, 2025 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Чехия Республикасының премьер-министрі. Ол бұған дейін 2017-2021 жылдар аралығында үкіметті басқарған, ал 2026 жылғы сәуірде Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайту аясында белсенді халықаралық кездесулер өткізді.
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев Израиль президентіне Alem.ai орталығын көрсетті
- Тоқаев ТМД елдерімен радиация бойынша дерек алмасу туралы заңға қол қойды
- Астанадағы саммитте маңызды құжаттарға қол қойылды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық