Тергеу басталды: Маңғыстау облысында дәрігерлер соқырішек диагнозын қоя алмай, жасөспірімді өлтіріп алды
Фото: Анасы Жұлдыз Азанова берді
13 жастағы балаға дәрігерлер дер кезінде соқырішек диагнозын қоя алмай, жасөспірім қайтыс болды. Оқиғадан соң Денсаулық сақтау министрлігі Ақтауда жасөспірім ем алған медициналық мекемеге жоспардан тыс тексеріс жүргізді, деп хабарлайды Orda.kz.
Нәтижесінде баланы бірнеше рет ауруханаға жатқызудан бас тартылғаны анықталды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде жазып, жағдайдың өз бақылауында екенін айтты.
Министрдің айтуынша, тексеріс барысында бірқатар өрескел заңбұзушылықтар анықталған.
«Маңғыстау облыстық көпбейінді балалар ауруханасы мен Ақтау қалалық №2 емханасында медициналық көмек ұйымдастыру және көрсету барысында өрескел бұзушылықтар анықталды. Тексеру қорытындысы бойынша облыстық балалар ауруханасының директоры қызметінен босатылды» деп жазды Әлназарова.
Прокуратура медициналық көмек көрсетпеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс сотқа берілді.
«Астанада қаза болған баланың анасын жеке қабылдаймын. Бұл – отбасы үшін орны толмас қайғы. Кінәлілер әділ жазасын алады» деп сендірді министр.
Марқұм баланың анасы, Ақтау тұрғыны Жұлдыз Азанова өңірдегі денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерге назар аударту және кінәлілерді жазалау үшін жалғыз пикет өткізетінін мәлімдеген болатын. Кейін ол Ақмарал Әлназаровамен жеке кездескісі келетінін де хабарлады.
Оған дейін Ақтау қаласының тұрғыны Жұлдыз Азанова Orda.kz редакциясына жүгініп, 13 жастағы ұлы Исмаил Азановтың өліміне қатысты істің әділ тергелуіне көмек сұраған болатын. Ол баласы дәрігерлердің салғырттығы мен соқырішек диагнозының дер кезінде қойылмауы салдарынан көз жұмғанын тілшімізге айтып берген еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық